“Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы“

Жалпы республикалық ақпараттық – талдамалық Портал

img img img

Іс-шара:

• ТКШ сұрақтары бойынша жедел желі телефоны 8-8000-8000-12. Тегін қоңырау шалу

Новости ЖКХ

24.10.2017

Тұрғындарға мәселесін онлайн-жиындарда шешу ұсынылды

Аталмыш акционерлік қоғам «бір үй – бір бірлестік – бір шот» қағидасы бойынша тұрғын үй қатынасы жүйесін реформалауды жалғастырып жатыр.

Реформа аясында ТКШ саласында ақпараттық жүйені енгізу ұсынылып отыр.

Қазіргі таңда, пәтер иелері кооперативіндегі (бұдан әрі – ПИК) басты мәслелердің бірі, ортақ жиындар ұйымдастыру мен үйге қатысты шешімдер шығару үшін кворумды қамтатамасыз ету екендігі көпшілікке белгілі.

Бұдан өзге басқарма органдарына деген тұрғындардың сенімсіздігін тудыратын басқарма органдары жұмысының айқын болмауы мен ПИК төрағаларын жұмысынан кетіру мәселесі бар.

Енді ақпараттық жүйе көмегімен интернет арқылы жеке кабинетіңізге кіріп, үйді басқару мен күтуге қатысты ПИК есебін қарай аласыз. Сонымен қатар шығындар сметасын көру, шешімнің қабылдануына дауыс беру, ПИК төрағасымен кері байланыс орнату, басқарма органдары жұмысына, сервистік қызмет субъектілеріне баға беру және өзге де мүмкіндіктер қарастырылған.

Көппәтерлі тұрғын үй, басқарма органдары (ПИК, басқарушы ұйымдар),  сервистік қызмет субъектілері, коммуналдық кәсіпорындар туралы ақпарат тұрғындардың барынша хабардар болуына және жедел шешім қабылдауына көмектеседі.

«Қолға алынған ақпараттық жүйе болашақта барлық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық субъектілері үшін ақпараттық алаңға айналады», - дейді жобаны құрастырушылар.

Бұл өз алдына барлық пәтер иелерін қамтуға септік болып, жеке қатысуды қажет етпейтін онлайн-жиындар ұйымдастыру мүмкіндігін ашады.

Мұндай жиындар кондоминиум (бір объектіні, көбіне жылжымайтын мүлікті бірлесіп иелену) объектілеріне қатысты ортақ шешімді қабылдауда әділеттілікті қамтамасыз етеді.

Нақтырақ айтсақ, басқару нысанын таңдауға және өзгертуге, кондоминиум объектісін басқару мен күтіп-ұстауға жарна көлемін бекітуге, сервистік қызмет субъектілерімен келісімшартты құру немесе бұзуға, күрделі жөндеу жүргізу үшін жинақ ақша шотына қаражат жинау сомасын анықтауға қатысты ортақ шешімдер әділетті болады.

Бүгінде Қызылорда, Шымкент, Степногорск қалаларында аталмыш жүйе біртіндеп енгізілуде және пәтер иелері мен басқару органдарының басшыларын үйрету жұмыстары жүзеге асырылуда.

Жоба құрастырушыларының айтуынша, бұл тек басы ғана. Себебі, оларды  республика бойынша барлық басқару органдарының жұмысын автоматтандыру, ТКШ-нің барлық саласы және қолданыстағы бағдарламалық құжаттарды біріктіру бойынша жұмыстар күтіп тұр.

Возврат к списку