“Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы“

Жалпы республикалық ақпараттық – талдамалық Портал

img img img

Іс-шара:

• ТКШ сұрақтары бойынша жедел желі телефоны 8-8000-8000-12. Тегін қоңырау шалу

Новости ЖКХ

24.10.2017

Қазақстанда пәтер иелері кооперативінің төрағасына қандай талаптар қойылады

Бүгінгі таңда пәтер иелері кооперативі (бұдан әрі – ПИК) төрағасының лауазымы аса беделді емес екені белгілі, өйткені көп пәтерлі тұрғын үйді күтіп-ұстауға байланысты машақаттың көбін әркім көтере алмайды. Іс жүзінде, төрағалыққа кандидат адам белгілі бір білімі бар, жан-жақты және тәжірибесі мол болуы тиіс.

Қолданыстағы Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 47-бабына сәйкес, ПИК төрағасын кооператив мүшелерінің жалпы жиналысында азаматтар, яғни пәтерлердің меншік иелері, өз мүшелері арасынан сайлайды.

Бұл жағдайда, төраға - бұл кооператив мүшелерінің өздері сайлаған адам, және олардың таңдауынан көп пәтерлі тұрғын үйдің одан арғы тағдыры байланысты екенін түсінген маңызды. Тиісінше аталған мәселеге пәтерлердің меншік иелері  формалды түрде емес, барынша аса байсалдылықпен және үлкен жауапкершілікпен қараған жөн.

Сондықтан, төрағаны таңдау кезінде, оның әдептілік, адалдық, еңбексүйгіштік, белсендік, орындаушылық және жауапкершілік тәрізді жеке қасиеттерімен қоса тәжірбиесінің мол, білікті маман екеніне назар аудару керек.

Сонымен бірге,  жоғарыда көрсетілген Заңының 43-бабы 6-тармағына сәйкес Тұрғын үй инспекциясы да үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерінің жалпы жиналысына кооператив басқармасы төрағасы лауазымына кандидатты ұсынуға құқылы.

Заңнаманың нормаларына сәйкес, тұрғын үй инспекциясы ұсынатын кооператив басқармасының төрағасы лауазымына кандидат, уәкілетті органмен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Бұл талаптар «Тұрғын үй инспекциясы ұсынып отырған үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері кооперативі басқармасының төрағасы кандидатурасына қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының № 215 бұйрығында көрсетілген.

Мәселен, ПИК төрағасы лауазымына ұсынылатын азаматтың  тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімді, кондоминиум объектілеріне қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда басшылық қызметте кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі немесе екі жылдан кем емес жұмыс тәжірибесінің болуы, басқарушылық шешімдерді жедел қабылдау және оны дұрыс іске асыру, жұмыстарды жоспарлау және бақылау, іскерлік келіссөздерді жүргізу, көпшілік алдында сөз сөйлей алатын, басқару кезіндегі шешімдердің салдарын талдау және болжау, мемлекеттік органдармен және коммуналдық қызметтерді жеткізіп беру кәсіпорындармен өзара іс-қимыл бойынша жұмысты ұйымдастыру, нормативтік құқықтық актілерді іс-жүзінде қолдану, ұйымдастырушылық өкімдік құжаттарын әзірлеу, қызметтік құжаттамалармен жұмыс істей білуі, компьютерді және басқа да ұйымдастырушылық техникалырын меңгеру тәжірибесі болуы тиіс.

Ұсынылған кандидатқа тағы бір қойылатын маңызды талап, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын білуі тиіс, соның ішінде бірінші кезекте «Тұрғын үй қатынастары туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы»  Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 желтоқсандағы № 1822 қаулысымен бекітілген Коммуналдық қызмет көрсету ережелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1421 қаулысымен бекітілген Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау қағидалары, кондоминиум объектісін басқару саласындағы өзге де нормативтік-техникалық құжаттар жатады.

Алайда, аталған заң бойынша тұрғындар арасынан сайланатын төрағаға қатысты мұндай талаптар міндетті емес, дегенмен, пәтерлердің меншік иелері тұрақты нәтижеге қол жеткізуі үшін, атап айтқанда көп пәтерлі тұрғын үйді тиімді басқару және сапалы күтіп-ұстау үшін сайланған төрағаның тиімді жұмыс істеуге байланысты білімі мен тәжірибесінің тиісті деңгейде болғаны абзал.

Возврат к списку