“Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы“

Жалпы республикалық ақпараттық – талдамалық Портал

img img img

Іс-шара:

  • ТКШ сұрақтары бойынша жедел желі телефоны 8-8000-8000-12. Тегін қоңырау шалу

Новости ЖКХ

23.11.2017

2017 жылғы 2 қарашада Алматы қаласында «ТКШ саласындағы шағын және орта бизнесті дамыту және инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін тұрғын үй қатынастары жүйесін жетілдіру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің және БҰҰДБ бірлескен жобасын іске асыру шеңберінде «Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқаруды және сервистік қызмет көрсетуді ұйымдастыру проблемалары» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Алматы қаласы Мәслихатының депутаттары, ПИК қауымдастықтарының басшылары, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ПИК төрағалары, басқарушы компаниялар қатысты.

Дөңгелек үстел шеңберінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы тұрғын үй шаруашылығы саласы реформаларының негізгі бағыттарымен таныстырды.

0.jpg

Сондай-ақ, дөңгелек үстелде өз үйін басқаруға және күтуге үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелерін кеңінен тарту, сондай-ақ тұрғын үй секторына шағын және орта бизнесті тарту мақсатында тұрғын үй жылжымайтын мүлкін басқарудың ұсынылатын модельдері талқыланды.

Аталған іс-шараның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі жанынан құрылған арнайы жұмыс тобында қарастырылатын «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру бойынша ұсыныстар дайындалды.

1.jpg

Возврат к списку