Кеңеске Павлодар облысының энергетика және ТКШ басқармасының өкілі және табиғи монополиялар субъектілерінің басшылары қатысты.
Кеңес барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ жылу, сумен жабдықтау және су бұру және есептеу аспаптарын орнату саласындағы инвестициялық жобаларды қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері түсіндірілді.
Бұдан басқа, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Павлодар облысы бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік құралдармен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шаралар талқыланды.
Айта кететін жайт, талқылау барысында табиғи монополиялар субъектілері бюджеттік несие алуға қызығушылық танытты.