ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
MIGA-мен кездесу
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның басшылығы Дүниежүзілік банк тобының мүшесі болып табылатын MIGA (инвестицияларды кепілдендіру жөніндегі көпжақты агенттік) өкілімен кәріздік тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялауды іске асыру шеңберінде кредиторларға кепілдік беру мәселелерін талқылады.
06
апрель

Кездесу барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Умербаев Қазақстан қалаларында кәріздік-тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде, MIGA-ның инвестициялық кепілдіктер жөніндегі өкілі А.Либо инвесторлар мен кредиторларға кепілдіктер беру (саяси тәуекелдерді сақтандыру және кредит қабілеттілігін арттыру) арқылы дамушы елдерге трансшекаралық инвестицияларға жәрдемдесуден тұратын міндеттерді таныстырды.