ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ҚР ИИДМ кәріз-тазарту жүйелерінің құрылысы мен жаңғырту мәселелерін бақылауда ұстап отыр
Елімізде кәріз-тазарту инфрақұрылымын жаңартып, қалпына келтіру маңызды мәселелердің қатарында.
20
апрель

Елімізде кәріз-тазарту инфрақұрылымын жаңартып, қалпына келтіру маңызды мәселелердің қатарында.

Мәселен, КТЖ-не қатысты жобаларды уақтылы іске асыру үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, тиісті кестелерді дайындап бекітті. Осыған байланысты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің өкілдері кәріз-тазарту нысандарының техникалық жағдайы мен құрылыс барысына мониторинг жүргізу мақсатында Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл және Ұлытау облыстарына барып қайтты.

«Кәріз-тазарту құрылымдарының техникалық ахуалы мен салынып жатқан нысандарға бақылау жүргізу мақсатында біздің комитеттің қызметкерлері өңірлерге жұмыс сапарымен барып келді. Жасыратыны жоқ, ірі қалалардағы кәріз жүйелері 50-70 жылдары салынғандықтан бүгінде әбден ескірген», деді ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Тимур Қарағойшин.

Бұл жұмыс сапарлары кәріз-тазарту қондырғыларының қазіргі жағдайына және жобалау жұмыстарына кедергі келтіретін мәселелерді анықтауға бағытталғанын айта кетейік.

Айталық, Қарағанды облысына жасалған жұмыс сапарында ведомство өкілдері қажетті шаралар ретінде қаржыландыру тетігі арқылы КТЖ жобаларын іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға кеңес берді. Сондай-ақ барлық мүдделі тараптың қатысуымен аталған жүйелерді жаңартуға қатысты кеңес өткізілді. Ал Шахтинск және Саран қалаларындағы ахуалға келсек, бұл елді мекендерде жоғарыда аталған инфрақұрылымның жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу қажет.

Қызылорда, Шымкент, Тараз, Сарыағаш, Леңгір және Жаңатас қалаларындағы жағдайға тоқталсақ, іссапар қорытындысы бойынша бұл елді мекендердегі КТЖ-нің техникалық мүмкіндігіне қатысты есеп фотодерекпен ұсынылды.

Тұтастай алғанда, еліміз бойынша кәріз-тазарту нысандарының тозу деңгейі 60%-дан асады. Ал кейбір қалаларда бұл көрсеткіш 90%-дан жоғары. Осы орайда 2028 жылға дейін республикадағы 68 қалада КТЖ салып, жаңғырту жоспарланғанын айта кеткен орынды.