ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Veolia Environnement-пен су ресурстарын басқару саласындағы ынтымақтастықты талқылау
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) басшылығы кәріздік тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялауды іске асыру шеңберінде су ресурстарын басқару мәселелерін француз көпсалалы компаниясы Veolia Environnement өкілімен талқылады, компания төрт қызмет саласына маманданған: су жеткізу және тазарту, коммуналдық қызметтер, энергетика және көлік қызметтері.
21
апрель

Кездесу барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның Басқарма төрағасы А.Умербаев Қазақстан қалаларында кәріздік-тазарту құрылыстарын салу мен реконструкциялау жөніндегі жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Өз кезегінде Veolia Environnement өкілі Ш. Бутуиля суды жеткізу және тазарту бойынша Өзбекстандағы жұмыс тәжірибесін таныстырды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.