“Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы“

Жалпы республикалық ақпараттық – талдамалық Портал

Мероприятия:

    Новости ЖКХ : Все новости

    • Д.Хамзин мен «Эн ТехЭко-Казақстан» ЖШС директоры И.Гуцалюк тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кәсіпорындарды автоматтандырылғанбасқару жүйесіненгізудің басымдылықтарын талқылады.
      09.06.2016
      Д.Хамзин мен «Эн ТехЭко-Казақстан» ЖШС директоры И.Гуцалюк тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын кәсіпорындарды автоматтандырылғанбасқару жүйесіненгізудің басымдылықтарын талқылады.... Подробнее
    • «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Д.Хамзин «Технониколь» мәскеулік компаниясының вице-президентімен әлеуетті ынтымақтасту мүмкіндіктері туралы талқылады.
      08.06.2016
      «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқармасы Төрағасының орынбасары Д.Хамзин «Технониколь» мәскеулік компаниясының вице-президентімен әлеуетті ынтымақтасту мүмкіндіктері туралы талқылады.... Подробнее
    • «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы С.Чайжунусов еліміздің елді-мекендеріндегі сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарының қызметтеріне қатысты болған республикалық мәжілісте «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі проблемалары туралы айтып
      22.04.2016
      «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма Төрағасы С.Чайжунусов еліміздің елді-мекендеріндегі сумен жабдықтау және су бұру кәсіпорындарының қызметтеріне қатысты болған республикалық мәжілісте «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі проблемалары туралы айтып... Подробнее


    Қымбатты достар!

    Чайжунусов фото москва.jpg

    Мен үшін Сіздерге “Қазақстан Республикасы Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының” бүкіл республикалық ақпараттық сараптамалық Порталында құттықтау сөз арнау мәртебесі бұйырғаны ғанибет.

    Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы жағдайдың жақсаруы халықтың әлеуметтік тұрмысымен тікелей байланысты.

    Мемлекет басшысы мен ел Үкіметі осы саланың проблемаларын шешу барысында тиісті реформалар жасау арқылы дамыту үшін тың технологияларға қоса білікті басқарудың тиімді тетіктерін енгізуді тапсырды.

    Тұрғын үй-коммуналдық щаруашылығын жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасында саланы заманауи техникалық жарақтандыру, сапаны жетілдіру, көрсетілетін қызметтің сенімділігі мен қолжетімділігін қамтамасыз етудің мүмкіндіктері қарастырылған.

    Осы бағытта еліміз бойынша жүргізіле бастаған ауқымды жұмыстар жаңа міндеттер жүктеуде. Олардың қатарында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы құрылымдар мен заңды тұлға немесе ұйымдардың арасындағы қарым-қатынастардың үйлесімді үлгісін әзірлеу және енгізу, инвестициялық тартымдалықты арттыру, инновациялық технологияларды қолдану, жоғары деңгейдегі кәсіби мамандарды даярлау және қызметкерлердің біліктілігін көтеру, меншік иелерінің жауапкершілігі мен тиімділігін арттыру басымдықтары бар. Сұрақтардың шешімін табуында қажетті ақпараттардың қосар үлесі қомақты және айтарлықтай пайдасы бар.

    Портал ''бір терезе'' қағидаты бойынша интернет пайдаланушылдарға мәліметтердің ашықтығын қамтамасыз етіп, кең ауқымдағы деректерді ұсыну мақсатын көздейді.

    Жан-жақты да жүйелі жұмыстардың нәтижесінде сапалы, жайлы, энергияны үнемдейтін және белсенді меншік иелерінің қатысуымен кәсіби білікті мамандар басқаратын жаңа заманғы көп пәтерлі тұрғын үйлер көбейтілуі қажет.

    Порталда осыған орай интернет арқылы жолданған кез-келген сұраққа кәсіби мамандар жауап беретіндей жағдайлар жасалған. Алдағы уақытта жедел жетілдірілу жолындағы бірегей байланыс құралы ретіндегі мүмкіндіктері мейлінше молайып, порталымыз ұсыныс-тілектердің негізінде барынша байытыла бермек. Мемлекет және қоғамның қарқынды дамуы үшін халықтың ой-пікірін зерделеу маңызды. 

    Құрметпен,

    Басқарма Төрағасы С.Т. Шайжүнісов