ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
E-Шаңырақ ақпараттық жүйесі тәжірибелік пайдалануға берілді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері комитеті "ТКШ ҚазОрталығы" АҚ алаңында тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласындағы электрондық ақпараттық ресурстарды орталықтандырылған жинау және сақтау жүйесін тәжірибелік пайдалануға берді.
16
сентябрь

E-шаңырақ деп аталатын платформа - саланың бытыраңқы ақпараттық жүйелерін біріктіретін және мемлекеттік органдар үшін талдамалық ахуалдық орталық болатын тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың цифрлық жүйесі.

Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңінде ақпараттық жүйе көп пәтерлі тұрғын үйлердің саны, олардың техникалық жай-күйі, үйлерді басқару органдарынан алынатын есепке алу аспаптары бойынша талдамалық деректерді қалыптастыруға, сондай-ақ табиғи монополия субъектілерімен және үйді басқарудың нарықтық IT-қосымшаларымен (е-ПИК, BI clients және т.б.) интеграция жүргізуге мүмкіндік береді.

Бұл ретте жүйені одан әрі дамыту көзделген. Соның шеңберінде рейтингтер жасап, басқарушылар мен қызмет көрсететін компаниялардың тізілім қалыптастырылады.  

"ТКШ ҚазОрталығы" АҚ Басқарма төрағасы Ербол Төлеуовтің айтуынша, Е-Шаңырақ ақпараттық жүйесі – бұл республиканың барлық тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын цифрландыруға мүмкіндік беретін ауқымды жоба. Жүйеде жинақталған деректер саланың ашықтығын арттырып, бәсекелестік нарықты қалыптастырады.

Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі бойынша бюджеттік қаржыландырусыз іске асырылады.

Барлық сұрақтарға жедел жауап беру үшін бірыңғай E-Шаңырақ байланыс-орталығы іске қосылды. Жүйені сүйемелдеу мәселелері бойынша пайдаланушылар +7 727 339 50 09 нөміріне хабарласа алады

Е-Шаңырақ сайтына сілтеме: http://e-zhkh.gov.kz/