ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Әлеуметтік желілер:
E-mail:
info@zhkh.kz
Телеграм Бот
Жаңалықтар
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу
2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары М. Абдыкаримовтың төрағалығымен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру мәселелері бойынша Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің энергетика жөніндегі сарапшылары мен консультанттарымен кездесу өтті. Кездесуге Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, «Мемсараптама» РМК, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдері қатысты.
29
апрель

Кездесу барысында Қазақстанда қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйесі, 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу, тұрғын үй ғимараттарындағы энергия шығынын азайту, үйге ортақ есепке алу аспаптарын орнату, оның ішінде баламалы энергия көздерін пайдалану мәселелері талқыланды.

Кездесуге қатысушылар тұрғын үй ғимараттарының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы әлеуетті жаңа жобаны бірлесіп пысықтау үшін қосымша кездесу өткізудің орындылығы туралы қорытындыға келді.

Өз кезегінде, Қазақстандағы Дүниежүзілік банк халық арасында энергия үнемдеу саясатын насихаттауға бағытталған іс-шараларды бірлесіп іске асыруға жәрдем көрсетеді.