ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
2023 жылғы 10 наурызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының концептуалды түзетулері туралы» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының концептуалды түзетулері туралы

2023 жылғы 10 наурызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамында  «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының концептуалды түзетулері туралы» тақырыбында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ, Алматы қ. тұрғын үй инспекциясы басшыларының, «ҚР Ұлттық кооперативтер және экономикалық қоғамдастықтардың басқа да нысандары қауымдастығы» ЗТБ ӨРҰ президентінің, «Өзін-өзі басқарушы кондоминиум тұрғындары қауымдастығы» ЗТБ, «Шаңырақ» тұрғын үй саласындағы басқару, сервис және энергосервис субъектілерінің қауымдастығы» ЗТБ, «Маңғыстау облысының БСК мен МИБ қауымдастығы» ЗТБ төрағаларының, «Қаратау –Орда» МИБ, «Лесная поляна» МИБ, «Жұбанова 4» МИБ, «Нұрсая 1» МИБ, «Новый мир Блок Б» МИБ, «Премиум тұрғын үй кешені» МИБ, «Нұрсая Бонита» МИБ, «Достық 13/2» МИБ, «Мәңгілік Ақжайық» МИБ, «Комфорт Таун 3» МИБ төрағаларының және басқалардың қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты 2023 жылғы 23 ақпанда мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары таныстырылды және талқыланды.

Заңда ҚР 9 Заңына 164 түзету көзделген «Тұрғын үй қатынастары туралы», «Нотариат туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»).

Талқылау барысында тұрғын үй заңнамасы саласында туындайтын және өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қоғамдастық «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеуді ұсынады.