ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
АНОНС: 2023 ЖЫЛҒЫ МАМЫРДА ТКШ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРМЕ (АСТАНА)
InfraTechKazakhstan: мамыр айында Қазақстанның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының негізгі көрмесі Астанада ұйымдастырылады

2023 жылдың 10-12 мамыр аралығында Астана қаласы «EXPO» Халықаралық Көрме Орталығында өтетін Kazakhstan Industry Week III Халықаралық өнеркәсіптік көрмесі шеңберінде алғаш рет инженерлік инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі «InfraTechKazakhstan» Халықаралық көрме-конференциясы өтеді.

Іс-шараны Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы ұйымдастырады.

«InfraTechKazakhstan»-ның негізгі міндеттері қалалардың коммуналдық және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту және дамыту, тұрғын үй қорын салу мен басқару сапасын жақсарту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесіне жаңа технологияларды енгізу және жаңа инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға инвестициялар тарту болып табылады.

Көрмеге қатысуға жылумен жабдықтау, газдандыру, электрмен жабдықтау және энергия үнемдеу, сумен жабдықтау және су бұру, қалалық аумақтарды абаттандыру, қалдықтарды басқару және ҚТҚ өңдеу жүйелерінің жетекші өндірушілері мен өнім берушілері шақырылады.        

Көрменің іскерлік бағдарламасы аясында әкімдіктердің, өңірлік бейіндік комитеттер мен салалық қауымдастықтардың қатысуымен қалалардың тұрғын үй-коммуналдық секторы мен инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту мен дамыту мәселелері бойынша Республикалық кеңес өтеді.   

Kazakhstan Industry Week - бұл өңдеу өнеркәсіптің жабдықтары мен технологияларының жетекші өндірушілері, жеткізушілері мен тұтынушылары, мемлекеттік сектор және бейінді бизнес-қоғамдастықтар өкілдерінің басты кездесу орны. Көрме әлемнің 18 елінен келген 300 экспоненттің басты тұғырнамасы болмақ.

Сіздің компанияңыздың "InfraTechKazakhstan" көрмесінің экспоненті ретінде қатысуы өнімді ілгерілетудің және бизнес-міндеттерді шешудің тиімді құралына айналып, сондай-ақ, реттеушілермен, серіктестермен және әлеуетті тапсырыс берушілермен жеке байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Біздің серіктес «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы» өз тарапынан Сіздің командаңызға қолайлы жағдай жасау және табысты жұмыс жасау үшін қажеттінің бәрін жасайды.

Қосымша ақпарат алу үшін жоба жетекшісі Ерлан Исимовке хабарласыңыз,  телефоны: +7 (7172) 642323 (ішкі.211), +7 (707) 795-97-49 (WhatsApp) немесе  er@astana-expo.com электрондық поштасына жазыңыз.