ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» мен «ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Астана 2023 халықаралық форумында халықаралық инвесторлармен нәтижелі кездесулер өткізді.
Астана 2023 халықаралық форумы аясында «ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ сумен жабдықтау және инвестициялар саласындағы әлеуетті серіктестермен бірнеше нәтижелі кездесулер өткізді, онда өзара тиімді ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Астана 2023 халықаралық форумы аясында «ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ сумен жабдықтау және инвестициялар саласындағы әлеуетті серіктестермен бірнеше нәтижелі кездесулер өткізді, онда өзара тиімді ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Астана халықаралық форумы алаңында ТҰК VEOLIA (Франция) өкілі атқарушы аға вице-президент Philippe Guitard-пен игілікті кездесу өтті. Халықаралық деңгейдегі француз компаниясы су секторын дамыту саласында үлкен тәжірибеге ие, қазіргі уақытта жылумен жабдықтау саласында белсенді жұмыс істейді, жылу желілерінің тозуын азайту (аудит, техникалық қызмет көрсету, цифрлық технологиялар және т. б.) бойынша бірқатар шешімдер ұсынады. Компания қоршаған ортаны сақтауға, көміртегі ізін азайтуға, мақсаты тазартудан кейін сарқынды суларды қайта пайдалану болып табылатын сұйықтықты нөлдік ағызу арқылы (ZLD) суды тұтынуды оңтайландыруға бағытталған. Осы жылдың сәуір айында ҚР Франциядағы елшілігінің бастамасымен ТКШ ҚазОрталығымен кездесу ұйымдастырылып, онда жылу желілерін салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары талқыланды.

Сондай-ақ, Форум алаңдарында бейресми пікірталастар аясында ҚжТҮКШІК, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және IFC кездесуі өтті.

IFC - Дүниежүзілік банк тобына кіреді, дамушы елдерде жеке сектордың өсуін ынталандыру арқылы экономикалық дамуға және адамдардың өмірін жақсартуға ықпал етеді. Елдерге жеке секторды дамытуға көмектесу үшін корпорация әртүрлі механизмдерді қолданады, мысалы:

- компанияларға қарыздар, акционерлік капиталға қатысу, борыштық міндеттемелер мен кепілдіктер түріндегі инвестицияларды жүзеге асырады, синдикатталған қарыздар, параллель қарыздар және өзге де тәсілдер түріндегі басқа кредиторлар мен инвесторлардың қаражатын тартады.

- үкімет компанияларына жеке инвестицияларды ынталандыру және инвестициялық климатты жақсарту бойынша кеңес береді. 2022 қаржы жылында IFC жүзеге асырған инвестициялар көлемі 32.8 млрд АҚШ долларын құрады.

Сондай-ақ, ҚжТҮКШІК-тің METITO ТҰК-мен (БАӘ), Rami Ghandour өкілдерімен (Басқарушы директор) және Адиба М. Аминмен (METITO компаниясының бизнес бөлімінің басшысы) кездесуі өтті. Бұған дейін, осы жылдың ақпан айында Дубай қаласында өткен форум аясында METITO ТҰК компанияны ҚР Президенті Қ. К. Тоқаевқа таныстырды.

Кездесу нәтижелері бойынша Астанада өткен форумда компанияның МЖӘ механизмдері бойынша 25-30 жылға «КТҚ-ны салу және пайдалану» механизмі бойынша КТҚ жобаларына қатысуы қаралатын болады.

Бұдан бұрын, 2023 жылдың мамыр айында METITO компаниясының «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-мен кездесуі өтті, онда КТҚ жобаларын іске асыру саласындағы өзара іс-қимыл перспективалары, пилоттық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Бүгінгі таңда Көкшетау және Семей қалалары ұсынылды. Маусым айының бірінші онкүндігінде аталған мәселелер Көкшетау қаласының әкімдігімен талқыланды.

Тікелей түрлі компаниялардың өкілдерімен өткен түрлі кездесулерден басқа, ҚжТҮКШІК және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстандағы мүдделерді білдіретін ADSSC ТҰК «Abu Dhabi Sustainable Water Solutions Company» (БАӘ) KIDF Management компаниясы бас директорының орынбасары Марат Төлебаевпен кездесу өткізді.

ADSSC «Abu Dhabi Sewerage Services Company» — экономикалық дамуға ықпал ету және өмір сүру сапасын жақсарту үшін су ресурстары, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы орнықты шешімдерге маманданған БАӘ-нің жетекші компаниясы. ADQ құрамына кіретін, ірі кәсіпорындардың үлкен портфелі бар аймақтағы ең ірі холдингтік компаниялардың бірі ADSSC сарқынды суларды жинау, өңдеу және қайта пайдалану саласындағы активтерді дамыту жөніндегі қызметті қамтамасыз етеді.

       Кездесу барысында Тараз қаласында 20-25 жыл мерзімге одан әрі пайдаланумен КТҚ салу жобасы талқыланды. Мәселені одан әрі пысықтау үшін жоба бойынша толық ақпарат алмасу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сондай-ақ, ADSSC басқа қалалардағы өнімділігі тәулігіне 100 мың м3 астам болатын КТҚ жобаларына қызығушылық танытып отыр.

Астана халықаралық форумы аясында ҚжТҮКШІК-те Saertex (Germany) компаниясының өкілдерімен кезекті конструктивті кездесу өтті. Компания құбырларды траншеясыз жөндеу технологияларымен айналысады. Технологияның ерекшелігі - компания материалдардың сапалық сипаттамаларын жақсартатын вольфрам оксиді қосылған нанотехнологияны қолданады. Компания құбырларды траншеясыз қалпына келтіруге арналған наноматериалдарға негізделген жаңа технологиялар мен материалдарды ұсынды.

Астана халықаралық форумына қатысудың соңғы кезеңінде «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Jiangsu WELM Technology Co. Ltd компаниясымен екіжақты кездесу өткізді.

Jiangsu WELM Technology Co., Ltd. компаниясы (Қытай, Хайань қ.) – Шанхай қаласында өзінің зерттеу және әзірлеу орталығы бар Лифт жабдықтарының халықаралық өндірушісі болып табылады.

Республикада лифт жабдықтарын өндіруді дамыту перспективалары Қазақстан Республикасының азаматтық секторында құрылыстың өсуіне, сондай-ақ лифтті пайдалану мерзімдерінің өтуіне байланысты лифт шаруашылығының тозуының жоғары болғандығынан, лифтілерге негізгі қажеттіліктерді дербес жабуға мүмкіндік береді.