ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Ашықтық пен айқындық – отандық тауар өндірушілерді қолдаудың негізгі принциптері
2023 жылғы 18 шілдеде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) «Атамекен» Ұлттық палатасымен бірлесіп жобалық компаниялардың В2В форматында кәріз тазарту құрылыстарына (КТҚ) арналған жабдықтарды өндіретін отандық өндірушілермен кездесу ұйымдастырды.

Бизнес-қоғамдастықтың 50-ден астам өкілі қатысқан бұл кездесу Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың тұжырымдамасы аясында КТҚ жобаларын іске асырудың орталық үйлестірушісі ретінде Қоғамның функциясын жүзеге асыру шеңберінде ұйымдастырылды.

Қала атаулары, қуаттылығы, іске асыру кезеңдері мен қаржыландыру көздері көрсетілген КТҚ-ның 68 жобасы жөніндегі барлық ақпарат «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ сайтында уақытылы орналастырылды.

Бұл іс-шараның мақсаты жобаларды іске асыру процестерінің ашықтығын, айқындылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету, КТҚ салу және реконструкциялау мәселелеріне бизнес-қоғамдастықтардың көп тобын тарту, отандық өндірушілердің жобаларына максималды қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Кездесуге қатысушылар жобаларды іске асыруда «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның ашық позициясының маңыздылығын атап өтті және КТҚ-ны реконструкциялау және салу саласындағы ең қолайлы шешімдерді анықтау үшін сала қатысушыларының хабардарлығын, белсенді қатысуын және бәсекелестігін арттыра отырып, осындай іс-шараларды ұдайы негізде ұйымдастырып отыру керектігін айтты.