ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы», «Decarbonize and Cost Engineering» қауымдастығы және «Астана-Экспо» маңызды индустриялық іс-шараны өткізу үшін күш біріктіреді
«ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да (ТКШ ҚазОрталығы) тарихи оқиға – «InfraTechKazakhstan-Decarbonisation» инженерлік инфрақұрылымды және инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін дамыту жөніндегі Бірінші Қазақстандық халықаралық көрме-форумды бірлесіп өткізу туралы үшжақты келісімге қол қою рәсімі өтті. «Decarbonize and Cost Engineering» қауымдастығы, ТКШ ҚазОрталығы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы» ЖШС 2024 жылғы 16-18 қазан аралығында Астана қаласының Халықаралық көрме орталығында өтетін маңызды көрме-форум құру үшін өз күштерін біріктірді

«ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да (ТКШ ҚазОрталығы) тарихи оқиға – «InfraTechKazakhstan-Decarbonisation» инженерлік инфрақұрылымды және инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін дамыту жөніндегі Бірінші Қазақстандық халықаралық көрме-форумды бірлесіп өткізу туралы үшжақты келісімге қол қою рәсімі өтті. «Decarbonize and Cost Engineering» қауымдастығы, ТКШ ҚазОрталығы және «Астана-Экспо КС» көрме компаниясы» ЖШС 2024 жылғы 16-18 қазан аралығында Астана қаласының Халықаралық көрме орталығында өтетін маңызды көрме-форум құру үшін өз күштерін біріктірді.

Бұл келісімнің мақсаты инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін жаңғырту мен дамытуды көміртексіздендіруге арналған көрмені ұйымдастыру және өткізу кезінде тараптар арасындағы ұзақ мерзімді, тиімді және өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту болып табылады.

Келісімге сәйкес, көрмеге қатысуға жылумен жабдықтау, газдандыру, электрмен жабдықтау және энергия үнемдеу, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, аумақтарды абаттандыру, қалдықтарды басқару және ҚТҚ өңдеу үшін технологиялар мен материалдарды өндіретін қазақстандық және халықаралық жетекші өндірушілер мен жеткізушілер, сондай-ақ қаржы институттары шақырылады.

Халықаралық және отандық компанияларды «InfraTechKazakhstan-Decarbonization» экспоненті болуға шақыра отырып, көрме өндірілген заттар мен өнімдерді танытудың тиімді құралы болатынына сенімдіміз. Ол реттеушілермен, серіктестермен, әлеуетті тапсырыс берушілермен және инвесторлармен жеке байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Біз сізге ыңғайлы жағдай жасау және сіздің командаңыздың сәтті жұмыс істеуі үшін қажеттінің бәрін жасаймыз.

Қосымша ақпарат алу үшін жоба жетекшісі Ләззат Байғазинаға +7(7172) 642323 (ішкі 221) телефонына және lb@astana-expo.com электрондық поштасына хабарласуыңызды сұраймыз.