ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Тапсырды - қабылдады. Кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды беру тәртібі бекітілді
Бірқатар жаңа ережелер енгізілуде. Мысалы, МИБ төрағасы немесе ЖС сенімді тұлғасы 3 жұмыс күні ішінде ПИК, ПИТК, тұрғын үйлерді басқарушыларға (менеджерлерге) немесе осындай үйді басқаратын заңды тұлғаларға тиісті хабарлама жібереді. Бір уақытта 3 жұмыс күні ішінде тұрғын үй инспекциясына хабарлама жіберіледі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев рәсім барысына тоқталды.
23
февраль

Атап айтқанда, бұрынғы және қазіргі «басқарушылар» кондоминиум объектісі бойынша қаржылық, техникалық құжаттаманы және өзге де техникалық құралдарды факті бойынша, бірақ 3 жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдау-тапсыру актісін бірлесіп жасайды.

«Сондай-ақ, қабылдау-тапсыру актісіне сәйкес жинақ шотында күрделі жөндеуге арналған ақша қаражаты, сондай-ақ нысаналы жарналар ретінде жиналған қаражат МИБ төрағасына берілуге тиіс. Министрлік техникалық, қаржылық және өзге құжаттарды ұсынбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікті белгілеу мәселесін пысықтауда», - деп түйіндеді Дауылбаев.