ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Әлеуметтік желілер:
E-mail:
info@zhkh.kz
Телеграм Бот

«ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ЖШС

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС (бұдан әрі – «ТКШД ҚазҒТО» ЖШС) «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен құрылған, жарғылық капиталға қатысу үлесі 100% еншілес ұйым болып табылады. «ТКШ дамытудың қазақстандық ғылыми-техникалық орталығы» ЖШС

ҒТО қызметінің негізгі бағыттары:

1) Басымдық берілген салалар бойынша стартап-жобаларды акселерациялау;

 

2) Кәсіптік оқыту, кадрларды даярлау, инфрақұрылымдық-тұрғын үй саласы мамандарының біліктілігін арттыру курстары;

 

3) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстар;

 

4) ғимараттардың сумен және жылумен жабдықтау жүйелеріне, қазандық жабдықтарына және энергия аудитіне диагностика жүргізу және тексеру.

 

БАСҚАРУДЫҢ ҰЙЫМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

ҒТО басқаруды бас директор және бейінді бағыттар бойынша басқарушы директорлар жүзеге асырады. ҒТО әкімшілік басқаруды қаржы және бухгалтерлік есеп және әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменттері жүзеге асырады. Қоғамның өндірістік қызметі екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

1) инновациялық жобалардың дамуына жағдай жасау;

2) Қолдау көрсету және техникалық қамтамасыз ету.

Бірінші бағыт бойынша акселератор, құзыреттілік және коммерцияландыру орталықтары құрылуда. Осы бағытта жұмыс істеуге негізгі қызметі стартаптардың инновациялық жобаларын қаржыландыру механизмін жетілдіруге және оларға жағдай жасауға бағытталған құрылымдық бөлімшелер жұмылдырылатын болады. Екінші бағыт инновациялық жобалардың ғылыми-дәлелдеу негіздерін қамтамасыз ету және нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу үшін тәжірибелер, ғылыми зерттеулер жүргізуге, тестілеу мен зерттеу жұмыстарына бағытталған.

Байланыс

Қабылдау бөлме:
+7 7172 999 471
E-mail:
info@zhkh.kz
Әлеуметтік желілер:
Мекен жай::
Тұран Даңғылы, 75