ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
ТКШ жобалары
КТҚ-ны іске асыру жобаларын қаржыландыру көздері мен іске асыру мерзімдері бойынша алдын ала бөлу
Толығырақ
КТҚ-ны іске асыру жобаларын қаржыландыру көздері мен іске асыру мерзімдері бойынша алдын ала бөлу
             
  Кезеңі: 2023 2025 жылдар    
Облыс Қала Жобалық өнімділік, тәулігіне м3 Жоба түрі Ағымдағы өнімділік, тәулігіне м3  Жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімдері
БЮДЖЕТТІК ТРАНСФЕРТТЕР ЕСЕБІНЕН
1 Атырау Атырау
(оң жағалау)
31 000 Реконструкциялау Сол жағалау - 70000,
Оң жағалау - 31000
2022-2025
2 Қызылорда Қызылорда 70 000 Реконструкция Тасбөгет к. - 6 400, Титова к. - 70 000 2022-2024
3 Түркістан Леңгір 3 500 Салу Жергілікті тазарту №1 - 573, №2 - 266 2023-2024
4 Сарыағаш 3 400 Салу КТҚ жоқ 2022-2025
5 Маңғыстау Форт-Шевченко 1 000 Кеңейту 400 2022-2024
6 Ақтау 40 000 Кеңейту КТҚ №1 42 300,
КТҚ № 2, 1 кезек - 30 000
2023-2024
7 Шымкент Шымкент 50 000 Кеңейту 150 000 2023-2024
7 БАРЛЫҒЫ   386 900   -  
ЕҚДБ ҚАРЫЗДАРЫ ЕСЕБІНЕН
1 Актөбе Ақтөбе 100 000 Салу 103 000 2023-2025
2 ШҚО Риддер 25 000 Реконструкциялау 34 000 2023-2025
2 БАРЛЫҒЫ    125 000   -  
АДБ ҚАРЫЗДАРЫ ЕСЕБІНЕН
1 Ақмола Степногорск 16 000 Реконструкциялау 16 000 2023-2025
2 Ұлытау Жезқазған 48 000 Реконструкциялау 45 000 2023-2025
3 Ұлытау Сәтбаевев 33 000 Реконструкциялау 33 000 2023-2025
4 Қарағанды Балқаш 20 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
4 БАРЛЫҒЫ   110 000 -  
МЖӘ
1 Алматы Қонаев 25 000 Салу 25 400 2023-2025
1 БАРЛЫҒЫ   25 000   -  
14 ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ   646 900   -  
Кезеңі: 2024 2027 жылдар
Облыс Қала Жобалық өнімділік, тәулігіне м3 Жоба түрі Ағымдағы өнімділік, тәулігіне м3 Жобаны іске асырудың жоспарланған мерзімдері
БӘЙТЕРЕК АРҚЫЛЫ
1 Жамбыл Жаңатас 9 000 Реконструкциялау 9 000 2023-2025
2 Қарағанды Шахтинск 6 000 Реконструкциялау 55 000 2023-2025
3 Абай Семей 94 400 Реконструкциялау 94 400 2024-2026
4 Ақмола Көкшетау 50 000 Реконструкциялау 32 000 2024-2026
5 Ақмола Атбасар 7 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
6 Алматы Алматы 640 000 Реконструкциялау 640 000 2024-2026
7 Атырау Құлсары 10 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
8 ШҚО Аягөз 7 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
9 ШҚО Өскемен 122 000 Реконструкциялау 112 000 2024-2026
10 БҚО Орал 50 000 Реконструкциялау 50 000 2024-2026
11 Қарағанды Саран 3 000 Реконструкциялау 15 000 2023-2025
12 Қостанай Қостанай 48 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
13 Қостанай Рудный 54 000 Реконструкциялау 54 000 2024-2026
14 Маңғыстау Жанаөзен 10 750 Реконструкциялау 10 750 2024-2026
15 Павлодар Екібастұз 58 200 Реконструкциялау 58 200 2024-2026
16 Павлодар Ақсу 37 000 Реконструкциялау 37 000 2024-2026
17 Павлодар Павлодар 183 000 Реконструкциялау 200 000 2024-2026
18 Түркістан Түркістан 20 000 Салу 20 000 2024-2026
19 Түркістан Кентау 14 500 Реконструкциялау 14 500 2024-2026
20 Ақмола  Щучинск 2 500 Реконструкциялау 17 000 2025-2027
21 Алматы Есік 6 000 Реконструкциялау 6 200 2025-2027
22 ШҚО Лисаковск 5 200 Реконструкциялау 16 000 2025-2027
23 Жамбыл Қаратау 5 900 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
24 БҚО Ақсай 6 000 Салу 8 400 2025-2027
24 БАРЛЫҒЫ   1 449 450   -  
ЕҚДБ ҚАРЫЗДАРЫ ЕСЕБІНЕН
1 Қарағанды Қарағанды 100 000 Реконструкциялау 232 000 2024-2026
2 Жамбыл Тараз 100 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
2            
БЮДЖЕТТІК ТРАНСФЕРТТЕР ЕСЕБІНЕН
1 Астана Астана 188 000 Салу КТҚ №1 - 254 000 2023-2026
2 Абай Курчатов 2 000 Реконструкциялау 30 000 2024-2026
3 Ақмола Қосшы 10 000 Күрделі жөндеу 10 000 2024-2026
4 Ақмола Есіл 2 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
5 Ақмола Степняк 2 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
6 ШҚО Алтай 8 000 Реконструкциялау 28 000 2024-2026
7 ШҚО Жітіқара 3 600 Реконструкциялау 20 000 2024-2026
8 Жетісу Текелі  6 000 Реконструкциялау 11 500 2024-2026
9 Қостанай Арқалық 6 000 Салу 26 000 2024-2026
10 СҚО Петропавл 35 000 Реконструкциялау 82 000 2024-2026
11 СҚО Сергеевка 2 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
12 СҚО Булаево 2 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
13 СҚО Тайынша 2 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
14 СҚО Мамлютка 2 000 Салу КТҚ жоқ 2024-2026
15 Абай Шар 2 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
16 Ақмола Ерейментау 2 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
17 Ақмола Макинск 3 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
18 Ақмола Ақкөл 3 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
19 Ақтөбе Қандыағаш 2 000 Реконструкциялау №1-3 000,
№2-6 000 
2025-2027
20 Ақтөбе Темір 2 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
21 Ақтөбе Шалқар 2 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
22 Ақтөбе Үштөбе 2 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
23 ШҚО Серебрянск 2 000 Реконструкциялау 15 000 2025-2027
24 Жамбыл Шу 4 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
25 Қарағанды Қарқаралы 1 500 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
26 Қызылорда Арал 2 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
27 Қызылорда Қазалы 2 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
28 Ұлытау Қаражал 2 000 Салу КТҚ жоқ 2025-2027
28 БАРЛЫҒЫ   114 100,0   -  
68 ЖАЛПЫ ҚОРЫТЫНДЫ   2 210 450   -  
ТКШ жобалары
Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық секторды дамыту бойынша жаңа технологиялар енгізілуде
Толығырақ

             Қазіргі уақытта «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да Қазақстан Республикасының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында енгізіліп жатқан инновациялық, ресурс және энергия үнемдеуші, коррозияға қарсы технологиялардың тізбесі жүргізілуде. Тізбеде ұсынылатын шешімдерді тек тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласының мамандары ғана пайдаланбайды. Деректер базасының қолданылу аясы өте кең. Бұл - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы дайын тиімді шешімдердің жиынтығы.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті құрылыстағы жаңа технологиялардың бірыңғай мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және толықтыру жұмыстарын қолға алған. Онда жетекші отандық және халықаралық компаниялардың озық технологиялары жинақталған. Өз кезегінде, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Тізілімге жаңа технологияларды енгізу жұмыстарына атсалысып келеді және қазіргі уақытта энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар, су дайындау және инженерлік желілерді тазартуда қолданылатын бірнеше озық технологиялар Тізілімге енгізілген. Технологияларды Тізілімге енгізу рәсімі халықаралық тәжірибе негізінде жүргізіледі және олардың салалық стандарттарға сәйкестігіне жан-жақты сараптама жүргізуді көздейді, жаңа технологияларды мемлекеттік тізілімге енгізу қағидаларына сәйкес «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, ТКШ ҚІК және «ҚазҚСҒЗИ» АҚ сарапшыларының ұсыныстарын бағалау жүргізіледі.

Мысалы, осындай технологиялардың бірі ТКШ-дағы энергия үнемдейтін қоршау конструкцияларының бағытына жататын «SAVENERGY» вакуумдық жылу оқшаулағыш панельдері болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей, қазіргі уақытта салынып жатқан ғимараттардың қабырғалары арқылы жылудың шамамен 40%-ы жоғалады, сондықтан жоғары тиімді жылу оқшаулау жүйелерін құру өзекті міндеттердің біріне жатады. Вакуумдық панельдерді өндіру ұсақ кеуекті материалдарды вакууммен толтыруға негізделген, мұндай панельдер дәстүрлі жылу оқшаулағыштарға қарағанда жылуды өте жақсы сақтайды, бұған қоса панель материалдары отқа төзімді.

Құрылыс пен ТКШ саласындағы тағы бір технологияға «Броня» сериялы сұйық керамикалық жылу оқшаулағыш жабындардың өндірісі жатады, олар ғимараттардың қасбеттерін, шатырларды, ішкі қабырғаларды, терезе беткейлерін, ыстық және суық сумен жабдықтау құбырларын, ауа баптау жүйелеріне арналған ауа өткізгіштерді және т. б. жылулық қорғаудың жоғары тиімділігімен ерекшеленеді. Ол суық сумен жабдықтау құбырларын конденсациядан қорғау және жылу жүйелеріндегі жылу шығынын азайту үшін қолданылады. Қалыңдығы 1 мм жабын қабатының оқшаулау қасиеттері орамды оқшаулағыштың 50 мм-мен бірдей (жылу өткізгіштік 0,001 Вт/м2•0С). Технология Тізілімге енгізілген.

Он жыл пайдаланылғаннан кейін жылыту жүйелері құбырларының 50% - ға шөгінділермен бітеліп қалатындығы белгілі. Қолданыстағы статистикаға сәйкес, шөгінділердің 1 мм қалыңдығы белгіленген температураны ұстап тұруға арналған отын шығынын 14% - ға арттырады. Осыған байланысты жылу жүйелерін шөгінділерден тазарту қажеттілігі туындайды. Құбырларды тазарту мәселелерін шешуге «Буча» және «Гидроклин» импульсті гидропневматикалық тазарту технологиялары көмектесе алады, олар егжей-тегжейлі талдаудан кейін Тізілімге енгізілген.

Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық секторды дамытуға жәрдемдесу мақсатында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-да жаңа технологияларды жүйелі дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде және жалғастырылатын болады. ТКШ саласында технологияларды дамытуға жәрдемдесу мәселелері бойынша 8 7172 – 999-449 (ішкі. 12-48) байланыс нөміріне немесе b.salimov@zhkh.kz. электронды поштасына хабарласыңыз.

 

ТКШ жобалары
СЕНІМ БІЛДІРІЛГЕН (АГЕНТ) / ОПЕРАТОР
Толығырақ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 қыркүйектегі № 740 қаулысымен «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту жөніндегі ұйым болып айқындалды.

ҚР Бюджет кодексінің 179-бабына сәйкес, "тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" акционерлік қоғамы сенім білдірілген өкіл (агент) болып табылады, ол тапсырма шартының негізінде кредитордың (сенім білдірушінің) немесе бюджеттік бағдарлама әкімшісінің атынан және оның есебінен тиісті іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Бұдан басқа, ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 30 шілдедегі №470 және 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 қаулысымен бекітілген инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасына және инфрақұрылымды дамытудың 2020 - 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, тиісінше, қоғам бюджеттік несиелеу механизмі бойынша сенім білдірілген өкіл (Агент) және субсидиялау механизмі бойынша оператор функцияларын орындайды.

Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығымен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды несиелеу ережелері (бұдан әрі- Несиелеу ережелері) бекітілді, оларға сәйкес жобаларды іске асыруға арналған бюджеттік кредиттер 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен және жергілікті атқарушы органдар және жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласында өз қызметін жүзеге асыратын табиғи монополиялар субъектілері үшін кредит беру мерзімінің 1/3 аспайтын жеңілдікті кезеңімен 20 жылға беріледі. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 665 бұйрығымен бекітілген жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы – мемлекеттік бюджеттен қайтарымсыз және өтеусіз қаражат бөлу арқылы мемлекеттік реттеу және мемлекеттік қолдау арқылы коммуналдық шаруашылыққа мемлекеттік субсидиялар бөлудің негізгі мақсаты тарифтердің өсуін тежеу және халық үшін Коммуналдық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады және қаржы институттарымен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру субсидиялаудың қажетті шарты болып табылады. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 665 бұйрығымен жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды субсидиялау ережелері бекітілді. Субсидиялау мемлекеттік реттеу және мемлекеттік қолдау арқылы мемлекеттік бюджеттен қайтарымсыз және өтеусіз негізде қаражат бөлу арқылы тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық саласын дамытуды экономикалық ынталандыру ретінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік субсидияларды бөлудің негізгі мақсаты тарифтердің өсуін тежеу және тұрғындар үшін коммуналдық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Субсидиялаудың негізгі шарты - және инвестициялық жобаларды қаржы институттарымен бірлесіп қаржыландыру.

Субсидиялау ережелеріне сәйкес, субсидия қаржы институттарымен инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру шартымен беріледі. Субсидияның көлемі инвестициялық жобаның жалпы құны мен қаржы институты беретін кредиттің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бұл ретте, субсидияның көлемі қаржы институты беретін кредит сомасынан аспауы тиіс.

Сенім білдірілген өкіл (агент) / оператор мынадай жұмыс жүргізеді:

  1. алдын ала тізбені келісу

Алдын ала тізбені қарау әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы, оның ішінде жылумен, сумен жабдықтау және су бұру бойынша көрсетілетін қызметтердің, құрылатын жаңа жұмыс орындарының санын арттыру, авариялар мен ысыраптарды азайту, тозуды азайту және т. б. бөлігінде жүргізіледі.

  1. техникалық қадағалау қызметтерін көрсету және жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызмет көрсетушіні таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) келісу.

Жобалау–сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша қызмет көрсетушіні таңдау жөніндегі техникалық ерекшелікті (тапсырманы) қарау сапалы жобалау-сметалық құжаттаманы орындау үшін құрылыс нормалары мен стандарттарына сәйкес келетін ұйымды іріктеу, кәсіби емес қызмет көрсетушілерді тарту мүмкіндігін болдырмау және тиісті лицензиясы бар барлық ұйымдарға конкурсқа қатысу үшін мүмкіндік беру мақсатында жүзеге асырылады.

  1. мемлекеттік сараптама алынғанға дейін жобалау-сметалық құжаттаманы келісу.

Қарау техникалық және технологиялық ауытқуларды анықтау мақсатында, сондай-ақ коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның бірыңғай техникалық саясатының қолданылуы және отандық өндірушілер өнімдерінің материалдары мен жабдықтарының қолданылуы тексеріледі.

 

  1. бекітілген критерийлер мен шарттарға сәйкес қорытынды дайындау.

Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қорытындысы жобалық, техникалық және қаржылық бөлімдерден тұрады.

Жобалық бөлімде жобаның әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы, оның ішінде халықтың өмірі үшін көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, инфрақұрылымды жақсарту бойынша ақпарат ұсынылады.

Тозу, апаттылық және шығын сияқты көрсеткіштердің төмендеуі, жаңа технологиялардың, энергия үнемдейтін материалдардың қолданылуы және отандық тауар өндірушілер материалдарының қолданылуы, сондай - ақ тиісті нормалар/стандарттар мен техникалық-технологиялық шешімдердің қолданылуы техникалық бөлімде қаралады.

Қорытындының қаржылық бөлімінде Әлеуетті қарыз алушының қаржылық жағдайын анықтау үшін кәсіпорынның қаржылық құжаттары, атап айтқанда несие бойынша қаржылық міндеттемелерді орындау мүмкіндігі және жобаны іске асырудың кәсіпорынның одан әрі дамуына  әсері қарастырылады.

  1. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу.

Түпкілікті қарыз алушыларға қаржылық мониторинг түпкілікті қарыз алушының ұсынылған қаржылық құжаттарының негізінде жүргізіледі және базалық және қаржылық ақпараттан талдауды қамтиды. Түпкілікті қарыз алушының қаржылық есептілігіне сатылас және деңгейлес талдау жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Мониторинг қаржылық көрсеткіштерді алдыңғы кезеңмен салыстыру жолымен жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша түпкілікті қарыз алушының қаржы-шаруашылық қызметінің жай-күйі туралы қорытынды жасалады. Сенім білдірілген агенттің бақылау жұмыстарына субъектінің қаржылық жай-күйін сипаттайтын жедел деректерді жинау мен бағалау, нәтижелерді жүйелеу және есептік құжаттарды жасау кіреді.

  1.   Инвестициялық жобаны іске асыру барысы туралы және бюджеттік кредиттің түсуі, игерілуі және өтелуі жөніндегі ақпаратты жинау, өңдеу, жинақтау және талдау.

Сенім білдірілген өкіл (агент) ұсынылған ақпаратты жинақтаумен және талдаумен айналысады және бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне жібереді. Бұл есептер инвестициялық жобаларды іске асыру қарқынын көрсетеді және түпкі қарыз алушылар мен ЖАО тап болатын проблемаларды айқындайды. Осыған байланысты, ай сайынғы және апта сайынғы есептер бюджеттік бағдарламаның бұзылу қаупін азайту үшін орын алып отырған проблемалар туралы тез арада хабарлауға және оларды шешуге септігін тигізеді.

  1. фото - және бейне тіркеу құралдарын пайдалана отырып, инвестициялық жобалардың іске асырылуын көзбен шолып тексеру.;

Бұл іс-шара инвестициялық жобаларды іске асырудың нақты барысын тіркеу және тексеру үшін орындалады. Объектілерді көзбен шолып тексеру құрылыстың барлық кезеңдерінде (реконструкциялау және жаңғырту) инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуді білдіреді және орындалатын жұмыстардың сапасын және құрылыс материалдарының пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етеді, құрылыс барысын, орындалатын жұмыстардың фото және бейне материалдарды пайдалана отырып, жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкестігін қадағалайды. Тексеру орнында құжаттарды, жұмыс атқару құжаттамасын (есепке алу және рұқсат беру құжаттамаларының жиынтығы – сәйкестік және шығу тегі туралы сертификаттар, жұмыс жүргізу журналдары, авторлық және техникалық қадағалау журналдары, құрылыстың күнтізбелік кестесі), жұмыс жүргізу орнын, қолданылатын материалдарды, технологиялар мен жабдықтарды фото/видео тіркеу орындалады. Жүргізілетін жұмыстардың жобалау-сметалық құжаттамаға, ТБ және санитарлық нормаларға сәйкестігін бақылау және талдау. Құрылыс аяқталған жағдайда - салынған объектіні пайдалануға қабылдау туралы Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісін таңдау.

2015-2020 жылдар кезеңінде сенім білдірілген өкіл (агент) 813 млрд.теңге сомасына 969 жобаны қарады, оның ішінде 248,7 млрд. теңге сомасына 388 жоба қаржыландырылды.

2015 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде жылумен, сумен жабдықтау және су бұрудың 3 519 км желісі, 29 қазандық, басқа да объектілердің 94 бірлігі салынды және реконструкцияланды.

2016-2018 жылдар кезеңінде оператор 9,5 млрд.теңге сомасына 41 жобаны қарады, оның ішінде 7,7 млрд. теңге сомасына 35 жоба қаржыландырылды.

2016-2018 жылдар аралығында 57,6 км жылу, сумен жабдықтау және су бұру желілері салынды және реконструкцияланды.

 

 

 

 

ТКШ жобалары
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ОБЪЕКТІЛЕРІНІҢ ИНТЕРАКТИВТІ КАРТАСЫ
Толығырақ

Сумен жабдықтау интерактивті картасының интернет порталы Қазақстанның ауылдық елді мекендерін сумен қамтамасыз ету жөніндегі деректерді, оның ішінде орталықтандырылған сумен жабдықтауға қол жеткізе алатын және қол жеткізе алмайтын өңірлер бөлінісіндегі тұрғындардың саны көрсетілген елді мекендер санын қамтиды.

АЕМ сумен жабдықтау интернет порталына сілтеме (auylsu.kz)

ТКШ жобалары
ТҰРҒЫН ҮЙ ҚОРЫН ЕСЕПТЕУ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Толығырақ

ТКШ ҚазОрталығы үйге ортақ жылуды және суды есептеу құралдарын орнатуды келесі механизмдер бойынша қаржыландырады:

* қаржылық лизинг;

* мақсатты несиелеу;

* есептеу құралдарын мүліктік жалдау (жалға алу).

2015 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін ТКШ ҚазОрталығының қаржыландыру механизмі арқылы еліміздің 26 қаласында жалпы сомасы 7,2 млрд.теңгені құрайтын үйге ортақ жылуды есептеудің 9 825 құралы орнатылды.

Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес ТКШ ҚазОрталығының қаржыландыру механизмдері және үйге ортақ жылуды және суды есептеу құралдарымен жабдықтау деңгейі бойынша нысаналы көрсеткіштер қарастырылған:

• 2020 жылы – 75%;

• 2021 жылы – 84%;

• 2022 жылы – 96%;

• 2023 жылы – 96%;

• 2024 жылы – 97%;

• 2025 жылы-100%.