Тағы бір қадам – басқару жүйесіндегі реформа. 2020 жылдың басынан бастап «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енген болатын.
ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Қазақстан Жаңа нақты ахуалда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде Үкіметке және әкімдерге мүлік иелері бірлестіктері институтын енгізу жөніндегі реформаны іске асыруды қамтамасыз ету тапсырылды.
«Бұл реформа «бір үй - бір бірлестік - бір есепшот» принципі бойынша «мүлік иелерінің бірлестігі» коммерциялық емес ұйымының жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеуге бағытталған. Заңды іске асыруда қажетті нормативтік құқықтық актілер әзірленді. Реформаны жүйелі түрде іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарда әр көппәтерлі тұрғын үйдің басқарудың жаңа нысандарына өту бойынша Жол карталар әзірленіп, Министрліктің тұрақты бақылауында тұр», - деді ведомство өкілі.
Оның атап өтуінше, әділет органдарында 1 735 жаңа басқару нысаны тіркелген, оның ішінде МИБ - 695, ЖС – 1 040. Олардың басым бөлігі Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында.
Сарапшылар басқарудың жаңа нысандарын құру пайызының төмендігі, жиналыстарды өткізуді шектейтін карантиндік шаралармен байланыстырып отыр.
https://ortcom.kz/kk/novosti/memleket-basshysynyn-tapsyrmasy-oryndaluda-1-735-tksh-zhana-basqaru-nysany-quryldy