«Карантиндік шараларға қарамастан, көп пәтерлі тұрғын үйлердің бастамашыл тұрғындары өз үйлерін басқаруды өз қолына алып, МИБ құру бойынша қажетті іс-шараларды жүргізуде. Жиналған ақшаны өз үйін ұстап-күтуге сапалы және мақсатты пайдалану бойынша мысалдар аз емес. МИБ құрудың артықшылықтарына тоқталсақ: ол бір көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарынан тұрады, бейтаныс адамдар жоқ. МИБ төрағасы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланады, күрделі жөндеуге ағымдағы және жинақ шоттары МИБ-те ашылады, кондоминиум объектісін тіркеу болмаған жағдайда, МИБ жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған көп пәтерлі тұрғын үйлерді мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйдің астында орналасқан жер учаскесіне қажетті құжаттарды дайындау үшін ЖАО-ға жүгінуге құқылы», - деді комитет төрағасының орынбасары.
Басты мәселе – ақша қозғалысының ашықтығы. Басқарудың жаңа формаларына көшу бойынша барлық ақпараттық материалдар, соның ішінде құжаттар үлгілері zhkh.kz сайтында орналастырылған. Телеграм бот және Suraqtar.kz платформасы іске қосылды.
Сондай-ақ, 334 тыңдаушы оқытылды, 178 басқарушы маман біліктілігін растады.