ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Заңнамаға өзгертулер оны жетілдіру мақсатында енгізіледі – Е.Дауылбаев
Құрылыс ережелері 2003 жылдан бастап бірнеше рет өзгерген. Бұған не себеп болды? Орталық коммункиациялар қызметінде өткен брифинг барысында журналистер спикерлерге осындай сауал жолдады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев заңнамаға өзгертулер оны жетілдіру мақсатында және заман талабына сай енгізілетінін жеткізді.
23
февраль

«Құрылыс ассоциациялары, құрылысшылар бар, басқа да қауымдастықтар, жергілікті атқарушы органдар атынан тиісті ұсынымдар енгізілгенде заңды жетілдіру бойынша тиісті өзгерістер енгізіледі. Тұрғын үйлер құрылыс ережелері мен санитарлық нормаларға сай салынып жатыр. Алдымен құрылыстың жобалық сметалық құжаттамасы әзірленеді. Содан кейін ол міндетті түрде сараптамадан өткізіледі. ЖСҚ бекітілгеннен кейін ғана қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүзеге асырылады», - деді Е.Дауылбаев өз жауабында.

Бұл ретте ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің өкілі құрылыс ережелерін бұзу жағдайларын техникалық қадағалаушылар, жергілікті жерлердегі тапсырыс берушілер мен мемлекеттік бақылау қызметтері бақылайтынын атап өтті.