ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
"Yokogawa Electric Kazakhstan" компаниясының өкілдерімен кеңес
2021 жылғы 27 сәуірде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басшылығы «Yokogawa Electric Kazakhstan» жапондық компаниясының өкілдерімен жылумен, сумен жабдықтау, су бұру және цифрландыру саласындағы бірлескен жұмыс мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
27
апрель

Басқосу барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-ның аспаптандыруды қаржыландыру тетіктері туралы толық ақпарат пен түсініктеме берілді. Сондай-ақ, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды.

«Yokogawa Electric Kazakhstan» өкілдері өз кезегінде компания туралы жалпы мәліметті ұсынып, алдағы даму бағыты, өнімдері және сәтті жүзеге асырылған жобаларын таныстырды.

Кездесу қорытындысы бойынша «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «Yokogawa Electric Kazakhstan» жапондық компаниясы сәтті жүзеге асырылған жобаның орналасқан жеріне бару туралы шешім қабылдады. Алдағы уақытта екіжақты ынтымақтастықты нығайтып, Меморандумға қол қою жоспарлануда.