Сапардың негізгі мақсаты - зауыттың өндірістік үдерістерін егжей-тегжейлі зерттеу, шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызмет түрлерін зерделеу, сондай-ақ Қазақстандағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық пен энергетика саласындағы инфрақұрылымдық жобаларда ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын айқындау болды.
«Загорский құбыр зауыты» АҚ (ЗҚЗ) - болаттан дәнекерленген ірі диаметрлі құбырлар, құбыр шпунттары мен қадаларды өндіретін заманауи кәсіпорын. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты - 500 мың тоннаға дейін. Өнім түрлері: диаметрі 508-ден 1420 мм-ге дейінгі болат құбырлар, Х100 дейінгі болат маркалары, ППУ жылу оқшауламасы бар құбырлар, плакировкаланған өнімдер және гидротехникалық құрылыстарға арналған құбыр шпунттары. Кәсіпорынның өнімдері Ресей мен шет елдердегі ірі инфрақұрылымдық жобаларда қолданылады, соның ішінде - Керчь бұғазы арқылы өтетін көлік өткелі құрылысына арналған 1420 мм құбырлар.
Сапар барысында «ҚазЦентр ТКШ» өкілдері зауыттың негізгі өндірістік учаскелерін аралап, ірі диаметрлі құбырларды дәнекерлеу желісімен, антикоррозиялық жабын жағу аймағымен және сапаны цифрлық бақылау жүйесімен танысты. Кездесуде келесі мәселелер талқыланды: Қазақстандағы жылу және сумен жабдықтау жобаларына ЗҚЗ өнімдерін қолдану, құбыр өнімдерін жергіліктендіру, сондай-ақ кәсіпорынның «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасына қатысу мүмкіндігі.
Бөлек атап өту керек, ЗҚЗ шығарған құбырлар полиуретанды қабықшалы (ППУ-ПЭ) қазақстандық алдын ала оқшауланған құбырлармен техникалық тұрғыда үйлесімді болып табылады. Бұл өз кезегінде қолданыстағы жылумен жабдықтау жүйелеріне интеграциялау және Қазақстан аумағындағы инфрақұрылымдық жобаларды бірлесе жүзеге асыру мүмкіндіктерін ашады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар электр-жылу және сумен жабдықтау инфрақұрылымының сенімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған өзара тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамытуға өзара мүдделілік танытты. «Загорский құбыр зауытымен» серіктестік Қазақстандағы коммуналдық және энергетикалық салалардың технологиялық базасын нығайтуда стратегиялық маңызды бағыт болып табылады.