ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Өскемен қаласында ірі отандық өндіруші, «Силумин-Восток» компаниясында қонақта болды.
2025 жылғы 9 қазанда «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында өткізілген Ашық есік күні шеңберінде «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ өкілдері «Силумин-Восток» өндірістік кәсіпорнын аралады. Делегация құрамына: Ишкалиев Азамат Шайдулайұлы, Басқарушы директор, Рауфов Әлішер Анварұлы, ОТӨ департаментінің директоры, Аманғажы Аңсаған Арманұлы, аспаптау жөніндегі сарапшы кірді.
16
октябрь

«Силумин-Восток» ЖШС - Қазақстан Республикасындағы ірі отандық өнеркәсіптік жабдық өндірушісі, инженерлік шешімдерді әзірлеуші, тәжірибелі жүйелік интегратор және энергетика, металлургия, тау-кен және мұнай-химия салаларында, машина жасау, сумен жабдықтау және су бұру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымы салаларында қызмет көрсететін компания болып табылады.

Кәсіпорын «кілтпен тапсыру» қағидасы бойынша тұтынушы объектісін тексеруден бастап, кешенді жобалау, жабдық пен техникалық шешімдерді тиімді таңдаудан бастап, жабдықты іске қосуға дейінгі толық жұмыс циклін орындайды:

  • Электрмен жабдықтау және автоматтандыруды кешенді жобалау (ТП АБЖ, SCADA, БөААҚ, ЭЭДБАЖ, ЭЭКЕАЖ, MES);
  • Кең спектрлі жабдықтарды өндіру және жеткізу:

-0,4-220 кВ электр энергиясын бөлу құрылғылары (ТҚ, КТҚ, ТВКҚ, БКТП, АТҚ);

- бекіту арматурасы (SV шар клапандары)

- SV instruments өлшеу құралдары (Шығын өлшегіштер, манометрлер, датчиктер, қысым, басқа өлшеу аспаптары, меншікті аккредиттелген тексеру зертханасы);

- өнеркәсіптік салқындату жабдықтары, салқындатқыштар (64 кВт-тан 860 кВт-қа дейін);

- автоматтандыру бойынша шкафтар мен зертханалық стендтер;

- сорғы жабдықтары, сорғы станциялары;

- ГОСТ талаптарына, санитарлық және өрт нормаларына, әртүрлі мақсаттарға сәйкес жыл бойы пайдаланылатын блок-модульдік ғимараттар.

- жетек техникасы (жиілік түрлендіргіштері, тегіс іске қосу құрылғылары)

- компрессорлық жабдықтар, үрлегіштер, электр қозғалтқыштары, мотор-редукторлар.

  • Құрылыс-монтаждау және іске қосу-жөндеу жұмыстары
  • Кепілдік қызметі, сервистік қолдау

Сапар барысында жұмыс жобалары, кәсіпорын тапсырыс берушінің техникалық шарттары бойынша жобаларды іске асыру кезінде кездесетін проблемалық мәселелер, «Силумин-Восток» компаниясын дамыту жөніндегі алдағы жоспарлар талқыланды. Кәсіпорынның өндірістік учаскелерімен, негізгі технологиялық процестермен, өндіріс кезеңдерімен және өнімнің ассортиментімен таныстыру өтті. Жеткізілген жабдық үздіксіз жұмыс істейтін және бүгінгі күні іске асырылған жобалар таныстырылды:

- БТП-SV блоктық жылу пункті, «Павлодарэнерго» АҚ;

- БТП-SV блоктық жылу пункті, Интеринжиниринг, Өзбекстан;

-Абай облысының Семей қаласы, Қарағайлы тұрғын ауданында ПНС-3 құрылысымен жылу желілерін қайта жаңарту;

- «SV 1,363» Блокты-модульді су жылыту қазандығы, Қарағанды облысы.

- Жұмыс істеп тұрған объектіге шығу-Өскемен қаласында, «Шығыс Жылу» АҚ-да бұрын іске асырылған ППНС жобаларының бірі.

            Сапар аясында «Силумин-Восток» компаниясының «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыруға қатысу мәселелері қарастырылып, ынтымақтастық пен техникалық өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары анықталды. «Силумин-Восток» компаниясының басшылығы АО «ҚазОрталық ТКШ» басқарма төрағасы Нұрлан Қожахметұлы Солтамбековке өндірістік кешенге жасаған сапары және мамандар арасындағы ашық екіжақты диалог ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.