Іс-шараның негізгі мақсаты - отандық өндірушілермен өзара іс-қимылды нығайту, коммуналдық секторға арналған жабдықтарды жергілікті өндірісте игеру әлеуетін бағалау, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаға кәсіпорынның қатысу мүмкіндігін зерделеу.
«ҚазОрталық ТКШ» АҚ делегациясының құрамы:
Визит барысында «ҚазОрталық ТКШ» АҚ делегациясы өндірістік және сынақ алаңдарын аралап, жабдықтарды құрастырудың технологиялық үдерістерімен, сапаны бақылау жүйесімен және автоматтандыру мен энергия тиімділігі саласындағы инновациялық шешімдермен танысты.
Тараптар «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жобасын іске асыруға «Акватория-Ақтөбе» ЖШС-нің қатысу перспективаларын, жабдықтар өндірісін жергіліктендіру мүмкіндігін, өнім номенклатурасын кеңейту және бірлескен инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.
Бұл кездесу мемлекеттік институттар мен отандық өндірушілер арасындағы өзара іс-қимылды тереңдетудің маңызды қадамы болды.
«Акватория-Ақтөбе» ЖШС басшылығы атап өткендей, «ҚазОрталық ТКШ» АҚ-мен тиімді серіктестік Қазақстанның инженерлік, коммуналдық және энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған заманауи шешімдерді енгізуде маңызды рөл атқарады.