ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ-ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Әлеуметтік желілер:
E-mail:
info@zhkh.kz
Телеграм Бот
Жаңалықтар
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көлік салаларын, инженерлік желілерді цифрландыру
2021 жылдың 4 мамырында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ алаңында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Б. Атамқұловтың және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Б.Б. Мусиннің төрағалығымен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік салаларын және инженерлік желілерді цифрландыру мәселелерін талқылау бойынша кеңес өтті.

Жиынға Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің, Құрылыс комитетінің, «Мемградкадастр» РМК-ның, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның және басқа да мүдделі тараптардың өкілдері қатысты.

Аталған іс-шара барысында іске асырылған Е-шаңырақ ақпараттық жүйесі таныстырылды. Оны мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының аясында іске қосу жоспарланған. Сондай-ақ, электрондық дауыс беру, мемқалақұрылыскадастры инфрақұрылымдық деректерінің бірыңғай геопорталын іске қосу, Smart city жобасы және көлік саласындағы цифрлық бастамаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Басқосу қорытындысы бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және көлік салаларында цифрлық құралдарды енгізу бойынша бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыру туралы шешім қабылданды.