Қ.Өскенбаевтың айтуынша, құрылыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыспен салынып жатқан нысандар бойынша барлық деректер (құрылыс материалдары мен жұмыс кестесін қоса алғанда) келесі жылдан бастап Е-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қадағаланады. Барлық төлемдер өз кезегінде Blockchain-платформасы арқылы осы жүйеге енгізілген ақпарат негізінде жүзеге асырылады. Нәтижесінде бюджеттен жұмсалған әрбір теңгені пайдалану барынша ашық жүргізіледі.
Мемлекеттік нысандардағы құрылыс процесін цифрландыру (жасырын жұмыстардың барлық журналдарымен және орындалған актілермен) жұмыстары басталды. Келесі жылдан бастап процесс толығымен автоматтандырылады.
Толығырақ miid.gov.kz сайттан оқи аласыз