Кеңеске Шымкент қаласының Энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының және жылумен сумен жабдықтау бөлімі басшылығы, «Куатжылуорталык-3» МКК, «Су ресурстары – Маркетинг» ЖШС, «Су құбыры және канализация басқармасы» МКК өкілдері қатысты.
Кеңес барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жылумен, сумен жабдықтау және су бұру және есептегіш аспаптарды орнату саласында инвестициялық жобаларды қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері, сондай-ақ МИБ немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жай серіктестіктер құру мәселелері түсіндірілді.
Бұдан басқа, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласы бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік құралдармен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шаралар талқыланды.
Айта кететін жайт, талқылау барысында табиғи монополиялар субъектілері бюджеттік несие мен есептегіш аспаптарды орнату үшін қаржы лизингі алуға қызығушылық танытты.