ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ТКШ ЖАҢҒЫРТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕҢЕС
2021 жылғы 23 тамызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Инфрақұрылымдық жобалар департаментінің басшысы А.Т. Садвакасовпен және басшының орынбасары Е.Б. Құттыбаймен Түркістан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасымен бірлескен «аспаптандыру» және «Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің тозуын азайту», сондай-ақ Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде МИБ немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жай серіктестіктер құру бойынша нысаналы көрсеткіштерге қол жеткізу мәселелері жөнінде кеңес ұйымдастырылды.
23
август

Кеңеске Түркістан облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшылығы және табиғи монополия субъектілерінің басшылары қатысты.

Кеңес барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жылумен, сумен жабдықтау және су бұру және есептегіш аспаптарды орнату саласында инвестициялық жобаларды қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері, сондай-ақ МИБ немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жай серіктестіктер құру мәселелері түсіндірілді.

Бұдан басқа, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Түркістан облысы бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік құралдармен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шаралар талқыланды.

Айта кететін жайт, талқылау барысында табиғи монополиялар субъектілері қаржы лизингі мен бюджеттік несие алуға қызығушылық танытты.