Кеңеске Қызылорда облысының энергетика және ТКШ басқармасының басшылығы және «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК, «Қызылорда су жүйесі» МКК, «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың бірлескен дирекциясы» филиалы басшылары қатысты.
Кеңес барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ жылумен, сумен жабдықтау және су бұру және есептегіш аспаптарды орнату саласында инвестициялық жобаларды қаржыландырудың қолданыстағы тетіктері, сондай-ақ МИБ немесе көп пәтерлі тұрғын үйлерде жай серіктестіктер құру мәселелері түсіндірілді.
Бұдан басқа, Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 – 2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Қызылорда облысы бойынша жылу мен суды есепке алатын жалпыүйлік құралдармен жабдықтау деңгейінің жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізуге бағытталған одан арғы іс-шаралар талқыланды.
Айта кететін жайт, талқылау барысында табиғи монополиялар субъектілері қаржы лизингі мен бюджеттік несие алуға қызығушылық танытты.