ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Маңғыстау облысында ТҮКШ саласындағы реформа және көппәтерлі тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз етуді басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселелері бойынша кенес өтті
Маңғыстау облысына ТҮКШ саласындағы реформа және көппәтерлі тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз етуді басқарудың жаңа нысандарына көшу мәселелері бойынша өңірімізге ТҮКШ ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков келді.
28
октябрь

Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен жиынға Ақтау қаласы әкімінің орынбасары А.Таубаев, облыстық ЭжТҮКШ басқармасы, қала, аудан әкімінің орынбасалары сонымен қатар, Жобалық офистің 2ББ, Атырау облыстық ТҮКШ басқармасының өкілі де қатысты.

Сөз кезегін алған орталық өкілдері, Н.Серіков пен М.Абдыкаримов тұрғын үй заңнамасына енгізілген негізгі өзгерістер және Басқарудың жаңа нысандарына көшу жұмыстарын жүргізудегі негізгі кемшіліктері бойынша, көп пәтерлі тұрғын үйлерді басқару және ТКШ саласындағы цифрландыру бойынша баяндама жасады.

Сондай-ақ, іссапармен келген Атырау қаласының, орталықтың өкілдері кездесуді Жобалық офисте жалғастырып, Офистің жұмысымен және қызметкерлерімен танысты. Бірқатар мәселелерге талқылау жасап, EasyProject жүйесінде жобаларды бақылаудың және жүзеге асырудың жаңа әдістері көрсетілді.