ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының концептуалды түзетулері туралы» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының концептуалды түзетулері туралы

2023 жылғы 16 наурызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің қатысуымен облыстардың,  астананың және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдіктеріне арналған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының концептуалды түзетулері туралы» атты тақырыпта ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Президенті 2023 жылғы 15 наурызда қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормалары таныстырылып, талқыланды.

Заңда ҚР 9 Заңына 164 түзету қарастырылған Тұрғын үй қатынастары туралы», «Нотариат туралы», «Алматы қаласының ерекше мәртебесi туралы», «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы», «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»,  «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы», «Кейбір заңнамалық актілерге тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»).

Талқылау барысында тұрғын үй заңнамасы саласы жөнінде туындайтын және өзекті мәселелер бойынша түсініктемелер берілді.