ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
ЖСҚ жобаларын қарау және келісу бойынша жаңартылған құрамдағы Жұмыс тобының отырысы өтті
2023 жылғы 13 сәуірде ТЭН және/немесе кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу, реконструкциялау, жаңғырту ЖСҚ жобаларын қарау және келісу бойынша жаңартылған құрамдағы Жұмыс тобының отырысы өтті.
14
апрель

2023 жылғы 13 сәуірде ТЭН және/немесе кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу, реконструкциялау, жаңғырту ЖСҚ жобаларын қарау және келісу бойынша жаңартылған құрамдағы Жұмыс тобының отырысы өтті.

Отырыстың негізгі мәселесі қолданыстағы Жобаларды іріктеу, КТҚ салу, реконструкциялау, жаңғырту жобаларын қарау, келісу және іске асыру мониторингі әдістемесін (Әдістеме) талқылау болды. Қатысушылар КТҚ салу және реконструкциялау саласындағы бірыңғай техникалық саясатты бекіту, КТҚ жобаларын қарау және келісу рәсімдерін оңтайландыру қажеттілігі бөлігінде әдістемені өзгерту жөнінде ұсыныстар енгізді. Осыған байланысты Жұмыс тобының кезекті отырысына Әдістемені өзгерту жобасын әзірлеп, енгізуді «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ жұмыс тобының жұмыс органына тапсыру туралы шешім қабылданды.

Сондай-ақ, мәселелердің бірі Ақсай және Хромтау қалаларындағы КТҚ жобаларын қарау болды, алайда жобаларды қарауға бөлінген уақыттың аздығына байланысты аталған жобаларды жақын арада өтетін отырыста қарау туралы шешім қабылданды.