ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«Gaon Group» ТҰК-мен сумен жабдықтау, су бұру, инфрақұрылымды дамыту және ТКШ саласындағы ынтымақтастықты талқылау
Сумен жабдықтау, сарқынды суларды тазарту, инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ -ның («ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) басшылығы Израильдің «Gaon Group» ТҰК жетекші компаниясының өкілдерімен талқылады.
10
август

Кездесу барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Умербаев Қазақстан қалаларында кәріздік-тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау, тазартылған сарқынды суларды қайта пайдалану, қалдық тұнбаны тыңайтқыштарға, құрылыс материалдарына және т. б. қайта өңдеу жөніндегі жобаларды іске асырудың өзектілігін атап өтті. Өз кезегінде, «Gaon Group» ТҰК Басқарма төрағасы Г. Регев компанияның бар тәжірибесін ескере отырып, осы мәселелердің ықтимал шешімдерін ұсынды.

Сондай-ақ, кездесу барысында «SCADA» жүйесін енгізу арқылы сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелерін цифрландыру мәселелеріндегі болуы мүмкін ынтымақтастық тақырыптары қозғалды.

Тараптар ақпарат алмасуды жалғастыруға және өзара ынтымақтастық жолдарын табуға келісті.

«Gaon Group» ТҰК - 1951 жылы құрылған израильдік жетекші компания, ақшалай қаражат атайналымы 200 млн. АҚШ доллары, ұлттық және муниципалды инфрақұрылымдық жобалардың бірқатар қажеттіліктері мен талаптары үшін су ағынының инфрақұрылымы саласындағы озық және инновациялық шешімдердің, қызметтер мен өнімдердің көптеген тізімін ұсынады.