ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
CYBERPARK түрік технопаркімен кездесу
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бірінші басшысының CYBERPARK өкілдерімен кездесуінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастық тақырыбы талқыланды.
14
август

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бірінші басшысының CYBERPARK өкілдерімен кездесуінде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы цифрландыру мәселелері бойынша өзара тиімді ынтымақтастық тақырыбы талқыланды.

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Умербаев коммуналдық шаруашылықты цифрлық жаңартуда айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізген түрік тарапының тәжірибесін зерделеудің маңыздылығы мен қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде, CYBERPARK Бас директоры Ф. Иналтекин Анкара қаласында өтетін конференцияда B2B кездесулерін өткізуді ұсынды, онда қазақстандық тарап өз нәтижелерін көрсетіп, Түркияның тәжірибесін зерделей алады.

Кездесу шеңберінде цифрландырудағы, сондай-ақ SCADA жүйесін пайдалана отырып, сумен жабдықтау және жылумен жабдықтау жүйелері саласындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралды. Екі тарап өзара тиімді әріптестікке және одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылық танытты.

 

Bilkent CYBERPARK 2002 жылы Билкент университетімен және Bilkent Holding-пен құрылды. Бұл Түркиядағы алғашқы университеттік технопарк. Bilkent CYBERPARK әртүрлі секторларда жұмыс істейтін 250-ден астам технологиялық компанияны, 5 зерттеу орталығын және 4500-ден астам зерттеумен және әзірлеумен айналысатын қызметкерлерді қамтиды.