ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Ашық диалог
2023 жылғы 17 тамызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ алаңында «ТКШ саласындағы бейінді қауымдастықтармен пікір алмасу бойынша диалог алаңын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
21
август

2023 жылғы 17 тамызда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ алаңында «ТКШ саласындағы бейінді қауымдастықтармен пікір алмасу бойынша диалог алаңын ұйымдастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің мақсаты - ТКШ нарығына қатысушылардың өзара қарым-қатынасының ең қолайлы нұсқаларын әзірлеу.

Дөңгелек үстелге қатысушылар, ТКШ саласындағы салалық қауымдастықтар, ТКШ цифрландыру субъектілері пікір алмасу бойынша ұсынылып отырған диалог алаңы шеңберінде өзара қарым-қатынас жасау бойынша ұсыныстар жасады.

Сондай-ақ, дөңгелек үстелге қатысушылар ТКШ саласын жаңғырту және дамыту мәселелері бойынша салалық қауымдастықтарды барынша тарту мен өңірде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттілігі туралы атап өтті.

Өз кезегінде, «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ мемлекет, қоғам мен бизнес арасындағы тұрақты диалог пен конструктивті өзара қарым-қатынасты жолға қоюға дайын екендігін мәлімдеді.

Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша ТКШ саласындағы жаңа бастамаларды іске асыру және проблемалық мәселелерді заңнамалық және өзге де нормативтік құжаттар арқылы шешу жөнінде ұсынымдар қабылданатын болады.