ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Ғылыми-өндірістік интеграция
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басшылығы «Science and Technology Solutions» АҚ басшылығымен ынтымақтастық, ғылыми - өндірістік интеграция және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру және ҒҒТҚН мәселелерін талқылады.
23
август

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ басшылығы «Science and Technology Solutions» АҚ басшылығымен ынтымақтастық, ғылыми - өндірістік интеграция және бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын іске асыру және ҒҒТҚН мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Умербаев инфрақұрылымдық тұрғын үй кешенінде инновациялық шешімдерді табуға мүмкіндік беретін жаңа технологияларды зерттеудің, дамытудың және енгізудің, сондай-ақ энергия үнемдейтін және энергия тиімді техникалық шешімдерді дамытуды сүйемелдеудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде «Science and Technology Solutions» АҚ өкілдері атынан Басқарма төрағасы Д. Бексолтан ғылыми-зерттеу саласында, ҒҒТҚН енгізу саласында, ҚР ҒЖБМ және басқа да даму институттарының желісі бойынша өткізілетін түрлі конкурстарға бірлесіп қатысу, ғылыми және конкурстық өтінімдер пакетін қалыптастыру бойынша консалтингтік қызметтер көрсету және т. б. салаларда өзара қарым-қатынас жасау жолдары айқындалды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.

 

Анықтама үшін:

 

«Science and Technology Solutions» АҚ - ғылым мен өндірісті жақындастыру, инновациялық өнімді нарыққа шығару, техникалық және технологиялық проблемаларды, экономиканың нақты секторының қажеттіліктерін анықтау және талдау мәселелерін кешенді шешу үшін құрылған.

Қоғам сонымен қатар жобалардың үлкен портфолиосына ие және олардың өндірістік мәселелерін кешенді шешу бойынша бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірлесіп табысты жұмыс істеуде.