ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Қазақстанның ТКШ орталығы құбырларды жаңартудың инновациялық әдісін жаппай қолдауға шақырады
«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ инженерлік желілердің жұмысын тоқтатпай құбырды жаңартудың прогрессивтітехнологиясын қолдайды
01
сентябрь

«Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ инженерлік желілердің жұмысын тоқтатпай құбырды жаңартудың прогрессивтітехнологиясын қолдайды.

Өздеріңіз білетіндей, елімізде шамамен 14 мың км. жылумен жабдықтау желілері бар, олардың орташа тозуы 54%-ды құрайды. Қазақстандағы құбырлардың көпшілігі 50-70 жылдары пайдалануға берілген.

Құбырларды қалпына келтіру жөніндегі жобаларды уақытылы іске асыру мақсатында «Қазақстандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту және дамыту орталығы» АҚ заманауи прогрессивті технологияларды қолдану идеясын қолдайды, олардың бірі «құбырларды траншеясыз санациялау». Қазақстанда бұл әдіс тек дамып келеді, бірақ болашағы зор.

Қазіргі уақытта Қазақстанда бұлтехнологияны «Бәйтеректрубпром» ЖШС, «Сан Мир» ЖШС және басқа компаниялар жүзегеасырады.

Әдістеменің артықшылығы-топырақты ашпай және коммуникация жұмысын тоқтатпай, қолданыстағы желінің ішінде жаңа құбыр құру мүмкіндігі. Санация апат мүмкіндігін жояды, бұлқоршаған ортаны қорғайды және қаржылық тұрақтылықты сақтайды.

Қарағанды қаласына жұмыс сапары аясында«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қалалық құбырлардың техникалық жай-күйі мен жөндеу барысын тексерді.

Бүгінгі күні Қарағанды қаласында технологияны пайдалана отырып, бас кәрізколлекторын қайта жаңарту жүргізілуде, осылайша, аяқталғаннан кейін жалпы ұзындығы2919 метр болатын екі учаске қайта жаңартылатын болады.

Коммуналдық желілердің тозу деңгейінтөмендету және апаттылықты азайту-мемлекет алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі және кезкелген қалада жайлы өмір сүрудің маңыздышарты. Құбырларды траншеясыз қалпына келтіру технологиясын қолдану тұрақты қазуды азайтадыжәне тұтынушыларды сумен жабдықтау және су бұру қызметтерінен ажыратпай инженерлік желілерді жөндеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ озық технологияны енгізуде, Қазақстанда траншеясыз санация нарығын құру мен дамытуда қолдау көрсетуге дайын.