ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Тұрғын үй-коммуналдық кешенді трансформациялау аясындағы ынтымақтастық
2023 жылғы 4 қыркүйекте «ТКШ ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ мен «Beeline Қазақстан» компаниясы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Серіктестіктің мақсаты – ТКШ қызметін дамыту және автоматтандыру жөніндегі жобаларды өнеркәсіптік Заттар интернеті (Industrial Internet of Things - IIoT) базасында өнімдерді енгізу арқылы іске асыру. Жаңа енгізілген шешімдер бақыланатын параметрлерді қашықтан жинауға, цифрландыруға және беруге мүмкіндік береді.
14
сентябрь

Меморандумға қол қоюға «ТКШ ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев, сонымен қатар «Beeline Қазақстан» компаниясының Сату және клиенттік сервис жөніндегі коммерциялық директоры Рауан Кабдрахимов қатысты.

Қол қойылған құжат шеңберінде Beeline Қазақстан ТКШ қызметін дамыту, жаңғырту және автоматтандыру жөніндегі жобаларды іске асыруға жәрдем көрсетеді. Ұялы байланыс операторы IIoT желісіне қосылған шешімдерді орнату және енгізу бойынша көшбасшылық орынға ие екені белгілі.

Осылайша, сараптамалық пікір мен тәжірибе алмасу үшін компаниялар тұрақты жұмыс істейтін жұмыс тобын ұйымдастыруды және күнделікті мәселелер мен жұмыстарды жоспарлауға бірлескен талдау жүргізуді жоспарлап отыр. Бұл белсенділік Заттар интернеті технологиялары базасында цифрлық ТКШ модельдерін құру жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Парламенттің бірінші сессиясының ашылуында: «Сумен жабдықтау объектілерін және бүкіл су саласын цифрландыру принципті маңызға ие деп айтылды. Суару арналарын ауқымды реконструкциялау, гидротехникалық құрылыстарды дербес басқаруға көшу, суды есепке алуды автоматтандыру, су ресурстарын пайдалануға квоталарды енгізу күтілуде. Осы мәселелердің барлығы сапалы нормативтік-құқықтық және заңнамалық қамтамасыз етуді талап етеді», — деп маңызды міндет қойды.

«ТКШ ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» АҚ осы тапсырманы орындай отырып, нормативтік-техникалық құжаттаманы әзірлеу бөлігінде озық цифрлық технологияларды қолдана отырып, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін автоматтандыру бойынша ауқымды жобаларды іске асыруға жәрдемдеседі.

Сапалы нормативтік-құқықтық және заңнамалық қамтамасыз ету осы жобаларды табысты іске асыру үшін қажет.