ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Тұрғын ғимараттардағы энергия тиімділігі: экономикалық потенциал, тәуекелдер мен мүмкіндіктер
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (бұдан әрі – «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ) басшылығы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде Felicity II бағдарламасы бойынша GIZ (Германия) компаниясымен кездесу өткізді. Felicity II бағдарламасының мақсаты-ТКШ инфрақұрылымын жаңғыртуға және қалаларда тиісті жобаларды іске асыруға ауқымды инвестициялар тарту үшін қажетті жағдайлар жасау.
19
сентябрь

Felicity II бағдарламасы бойынша GIZ (Германия) халықаралық компаниясымен кездесу барысында «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы А. Умербаев энергия үнемдеу бойынша жүргізілетін іс-шараларды ұсынды, атап айтқанда:

1)      энергия үнемдейтін материалдарды қолдануды зерделеу бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;

2)      энергия үнемдеу материалдарын өндіру бойынша жаңа технологиялар трансферті;

3)      көппәтерлі тұрғын үйді толық терможаңғырта отырып және жаңа технологияларды, материалдарды қолдана отырып күрделі жөндеу жүргізу бойынша пилоттық жобаларды жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі тұрғын үйлердің әртүрлі типтері үшін күрделі жөндеу жүргізудің жаңа стандарттарын әзірлеу.

GIZ (Германия) халықаралық компаниясы тарапынан ұсыныстар қолдау тапты және GIZ алаңында энергия тиімділігі саласында тәжірибе алмасу бойынша кездесу өткізу ұсынылды.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Felicity бағдарламасы бойынша GIZ (Германия) халықаралық компаниясының шақыруымен «Тұрғын ғимараттардағы энергия тиімділігі: экономикалық потенциал, тәуекелдер мен мүмкіндіктер» атты семинарға қатысты (2023 жылғы 14 қыркүйек).