ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
АДБ сарапшыларымен кездесу
Азия Даму Банкінің (АДБ) қарыз қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының қалаларында кәріздік тазарту құрылыстарын (КТҚ) салу және реконструкциялау жобаларын дайындау шеңберінде Қазақстанға сарқынды суларды тазарту саласында мол халықаралық тәжірибесі бар АДБ сарапшыларының (Патрик Лорин, Антонио Порчеду, Эдуард Чил-Акапян) тобы келді.
28
сентябрь

Сарапшылармен кездесу барысында «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ (ТКШ ҚазОрталығы) Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев КТҚ жобаларын тиімді іске асыру, жаңа құрылыстардың параметрлерін оңтайландыру, жаңа энергия тиімді технологияларды тарту, қазақстандық қамтуды қамтамасыз ету, сарқынды суларды екінші рет пайдалануды пысықтау және тұнбаларды қайта өңдеу мәселелерінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, ТКШ ҚазОрталығы жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополиялар субъектілері үшін халықаралық қаржы ұйымдарының қағидалары бойынша сатып алуды өткізу негіздеріне оқытуды ұйымдастыруды ұсынды.

ТКШ ҚазОрталығында өткен кездесуден кейін АДБ сарапшылар миссиясының өкілдері сол жерлерде КТҚ жобаларын іске асыру мәселелерін егжей-тегжейлі зерделеу үшін Балқаш, Сәтбаев, Жезқазған және Степногорск қалаларына барды.