ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» мен Газпромбанк банктік сүйемелдеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») және Газпромбанк «Иннопром. Қазақстан» бірінші көрмесінің алаңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев пен Газпромбанктің вице-президенті – Синдикатталған және халықаралық қаржыландыру департаменті бастығының орынбасары Анастасия Шакина қол қойды.
03
октябрь

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ («ТКШ ҚазОрталығы») және Газпромбанк «Иннопром. Қазақстан» бірінші көрмесінің алаңында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев пен Газпромбанктің вице-президенті – Синдикатталған және халықаралық қаржыландыру департаменті бастығының орынбасары Анастасия Шакина қол қойды.

Құжатқа сәйкес, «ТКШ ҚазОрталығы» мен Банк Қазақстанда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде банктік сүйемелдеу тәжірибесін қолдануға ниетті.

 Газпромбанк халықаралық аренада банктік сүйемелдеу саласындағы көшбасшы, сондай-ақ осы технологияны басқа елдерге экспорттауды жүзеге асыратын жалғыз ресейлік кредиттік ұйым бола отырып, серіктеске өнім бойынша әдіснамалық, консультациялық және өзге де сараптамалық қолдау көрсетеді.

«Келісім-шарттарды банктік сүйемелдеу өзін Ресей Федерациясында ТКШ саласындағы жобаларды іске асыру кезінде қаржылық тәуекелдерді басқарудың тиімді құралы ретінде көрсетті. Осы фактіні, сондай-ақ технологияны басқа елдерге экспорттау жөніндегі мүмкіндіктерімізді ескере отырып, біз «ТКШ ҚазОрталығымен» ынтымақтастықта жоғары потенциалды көріп отырмыз», – деп Газпромбанктің атқарушы вице – президенті-Келісім-шарттарды банктік сүйемелдеу департаментінің бастығы Олег Мельников айтып өтті.

Банктің вице – президенті-Синдикатталған және халықаралық қаржыландыру департаменті бастығының орынбасары Анастасия Шакина: - «Келісім-шарттарды банктік сүйемелдеу» сервисін пайдалану серіктесімізге жобаларды іске асыру үшін қаржыландыруды неғұрлым тиімді тартуға мүмкіндік береді. Банктік сүйемелдеудің бірегей және икемді құралы Қазақстан Республикасының инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін дамытуға жәрдемдесетініне, біздің клиенттің жобаларын табысты іске асырудың кепілі болатынына және Республикадағы ТКШ нарығының жалпы ашықтығын арттыруға ықпал ететініне сенімдімін», – деп қосты.

«ТКШ ҚазОрталығы» КПТҮ күрделі жөндеу жобаларын іске асыру барысында қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуын бақылауды қамтамасыз ету үшін осы озық сервисті қолдану мүмкіндігін қарастыруда», - деп «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев қорытындылады.