ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Ұлыбритания елшілігі ТКШ ҚазОрталығымен бірлесіп «Тұрақты болашақ үшін Қазақстандағы сарқынды суларды басқарудың тиімді интеграцияланған жүйесі» атты форум өткізді
«Астана» халықаралық қаржы орталығында Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания Елшілігі ТКШ ҚазОрталығымен бірлесіп ұйымдастырған «Тұрақты болашақ үшін Қазақстандағы сарқынды суларды басқарудың тиімді интеграцияланған жүйесі» тақырыбында Қазақстан-Британ форумы өтті. Форумға ЕҚДБ және АДБ халықаралық қаржы ұйымдарының, UKEF британдық үкіметтік ұйымының, ЭЫДҰ сарапшылары, сондай-ақ қауымдастықтар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері шақырылды.
15
ноябрь

Ашылуында Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Кэти Лич ханым, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев, Қазақстан Республикасы «Қазақстан Су Арнасы» сумен жабдықтау және су бұру жөніндегі кәсіпорындар қауымдастығының президенті Валерий Сюндюков сөз сөйледі.

Форум жұмысы барысында климаттың өзгеруінің сарқынды суларға әсері туралы пікірталас өтті, осы өзгерістерге бейімделудің қажетті шаралары талқыланды. ТКШ ҚазОрталығының басшылығымен «КТҚ жобаларын салу мен жаңғыртудың ұлттық бағдарламасын іске асыру арқылы көміртексіздендіру» атты жеке баяндама жасалды, оған сәйкес табысты іске асырылған жағдайда Қазақстан тәулігіне 100 МВт электр энергиясын өндіруге қол жеткізе алады, тәулігіне 2,4 млн.м3 тазартылған су ала алады, парниктік газдар шығарындыларын СО2 72 мың т. экв-тен 8 мың т. экв. дейін төмендете алады.

Сессияларда инфрақұрылымды жаңғырту үшін қаржыландырудың әртүрлі модельдері; басқарудың, ластанудың және өнеркәсіптің су ресурстарына әсері және сарқынды суларды тазартудың жүйелі, тұрақты тәсілдері талқыланды.

Аталған іс-шараны өткізу қатысушыларға Қазақстанда экономиканы декарбонизациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, КТҚ-ны іске асыру жобаларын қаржыландырудың әртүрлі нұсқалары, ХҚҰ-мен ынтымақтастық пен өзара әрекеттестіктің ары қарайғы перспективалары туралы көбірек білуге мүмкіндік берді.

Форум қорытындысы бойынша Ұлыбритания Елшілігі мен ТКШ ҚазОрталығының басшылығы британдық компаниялармен және инвесторлармен тығыз ынтымақтастық шараларын әзірлеу мақсатында байланыстарды жалғастыру туралы уағдаласты.