ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы жанындағы Қоғамдық кеңестің мүшелерін сайлау бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына (бұдан әрі – Заң), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрі міндетін атқарушысының 2025 жылғы 28 наурыздағы №112-НҚ бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік ереженің талаптарына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды
11
август

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы – 15 адам.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері Қоғамдық кеңес мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап он жұмыс күні ішінде келесі сілтеме арқылы құжаттарын тапсырулары қажет: https://zhkhteam.kz/

  1. Коммерциялық емес ұйым өкілдері үшін – ұйым басшысы қол қойған жазбаша ұсыным хат;
  2. Қоғамдық кеңес құрамына кандидатурасын ұсыну туралы азаматтың өтініші (нысан бойынша);
  3. Кандидаттың кәсіби және қоғамдық қызметі туралы өмірбаяндық мәліметтері көрсетілген ақпарат;
  4. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша мәліметтер, соттылығының бар-жоғы туралы анықтама (egov);
  5. Психоневрологиялық ұйымнан психикалық мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық бақылауда болуы немесе болмауы туралы анықтама (egov);
  6. Наркологиялық есепте тұруы немесе тұрмауы туралы мәліметтер (egov);
  7. Тұлғаның сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтер (egov);
  8. Жеке деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісімі (өтінішпен бірге толтырылады).

Қоғамдық кеңестің Ережесі мен Заңның 10-бабы 1-тармағына сәйкес кандидаттарға қойылатын талаптар:

Кандидат келесі талаптарға сай болуы тиіс:

  1. Коммуналдық қызметтер, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы экономикасы немесе осыған ұқсас салаларда кемінде 3 жыл кәсіби тәжірибесі болуы керек;
  2. Жобаларға, зерттеулерге, жарияланымдарға қатысу немесе табысты практикалық қызмет арқылы дәлелденген сарапшылық беделге ие болуы тиіс;
  3. Кәсіби ортада танылған беделге ие ұйымның мүддесін білдіруі тиіс;
  4. Кандидатураны заңды тұлға ұсынуы керек және коммерциялық емес ұйымның ұсыным хаты болуы шарт;
  5. Кеңесте жұмыс істеуге кедергі келтіретін мүдделер қақтығысы болмауы керек;
  6. Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы керек;
  7. Заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны немесе құқық бұзушылығы үшін сотталған болмауы тиіс;
  8. Психикалық, мінез-құлық бұзылыстары (аурулары), соның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық бойынша медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауы керек.

Анықтама үшін телефондар:

+7 (7172) 999-440, Маржан
centrezhkh@gmail.com