Кездесуге Приозерск, Балқаш және Қарағанды қалаларының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, "Қазорталық ТҚШ" АҚ-ның өкілдері, мүлік иелері бірлестіктерінің (МИБ), пәтер иелері кооперативтерінің (ПИК), басқарушы компаниялардың төрағалары, сондай-ақ табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері қатысты.
Кездесу барысында заңға сәйкес әзірленетін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары және тұрғындар тарапынан ұсыныстар талқыланды.
Белсенді қауымдастықтар мен тұрғындар ерекше назар аударған мәселелер: минималды тариф, көтерме коэффициентті қолдану қағидалары; шығындар мен жұмсалатын қаражаттың сметалық әдістемесіне сәйкес қызмет көрсету мерзімділігін өзгерту,және басқарушы компаниялармен, МИБ және ПИК-пен шарт жасасу кезінде бірыңғай есеп айырысу орталықтарының жұмысында бірыңғай тәсілдерді енгізу арқылы пайдалану шығындары бойынша түбіртектерді ұсыну.