ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешені саласындағы көміртексіздендіру жөніндегі республикалық қауымдастығы – «Association Decarbonize and Cost Engineering» құрылды
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «Decarbonize Solutions Group» ЖШС, «ABC-K ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС және «International Climate Change Solutions Eurasia Ltd» «Association Decarbonize and Cost Engineering» - заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі құрылды
19
февраль

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ, «Decarbonize Solutions Group» ЖШС, «ABC-K ғылыми-өндірістік кәсіпорны» ЖШС және «International Climate Change Solutions Eurasia Ltd» «Association Decarbonize and Cost Engineering» - заңды тұлғалардың республикалық бірлестігі құрылды.

Бұл бастама өзіне инновациялық ресурс үнемдеуші технологияларды іске асыру және Қазақстан Республикасында төмен көміртекті экономиканың тұрақты дамуын қолдау міндетін қояды.

Қауымдастықтың негізгі міндеттері парниктік газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі шараларды әзірлеу мен енгізуді, қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес үздік тәжірибелерді сапалы аттестаттауға және сертификаттауға қатысуды, сондай-ақ Республиканың инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенінде (ИТК) инновациялар бағдарламаларын әзірлеуді қамтиды.

«Association Decarbonize and Cost Engineering» ҚР экономикасын көміртексіздендіруге және тұрақты дамуға жәрдемдесуге толық көңіл бөлетін ИТК саласындағы алғашқы қауымдастық болып табылады.