ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ «Эколос» ЖШС-мен бірлесіп Ranhill (Малайзия) халықаралық компаниясымен ынтымақтастық мәселелерін талқылады
«Эколос» ЖШС бастамасымен Ranhill (Малайзия), «Эколос» халықаралық компаниясының және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ делегациясының кездесуі өтті
08
апрель

«Эколос» ЖШС бастамасымен Ranhill (Малайзия), «Эколос» халықаралық компаниясының және «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ делегациясының кездесуі өтті.

       Ranhill халықаралық компаниясы су секторындағы, құрылыстағы және энергетикадағы қызметі туралы ақпаратты ұсынды. Ranhill 3.5 миллион халыққа қызмет көрсететін Малайзиядағы ең ірі қоғамдық компания және №1 су дайындау компаниясы болып табылады. Компанияның портфелінде Куала-Лумпурдағы әйгілі қос Petronas Twin Towers, Aurora мұнараларын және 21 елдегі, соның ішінде Қытайдағы, Үндістандағы және БАӘ-дегі басқа жобаларды жобалау тәжірибесі бар.

       Кездесуде КТҚ жобалары бойынша ынтымақтастықтың стратегиялық бағыттары және көміртексіздендіру мәселелері талқыланды. «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ халықаралық және жеке инвестицияларды тарта отырып, КТҚ жобалары бойынша Ranhill және «Эколос» компанияларын қолдауға дайын екендігін айтты.  

        Сонымен қатар, Ranhill компаниясының тәуелсіз директоры Абуталип Абдурахман инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін көміртексіздендіру бойынша бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық білдірді.

         Өз кезегінде, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев ең заманауи энергия тиімді технологияларды қолдана отырып, әлеуметтік және әкімшілік объектілері бар кешен салуды, SCADA, ЖЭ сондай-ақ цифрландыру мен жүйелерді енгізуді, тазартылған суды қайталама пайдалануды және т. б. қамтитын Қазақстандағы Көміртексіздендіру орталығын жобалау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Бұл жоба Қазақстан Республикасында одан әрі тарала отырып, көміртексіздендіру саласындағы табысты халықаралық ынтымақтастықтың үлгісі бола алар еді. Тараптар «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ жоба бойынша техникалық тапсырма әзірлейді, ал Ranhill халықаралық компаниясы «Эколос» компаниясымен бірлесіп эскиздік жобаны ұсынады деп келісті.

Айта кететін жайт, жобаны бюджет қаражатын пайдаланбай халықаралық және жеке инвестицияларды тарта отырып іске асыру жоспарлануда.