ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ және «Aqualia» ТҰК Қазақстанда жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады
2024 жылғы 27 мамырда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да испандық Aqualia компаниясы мен «Базис-А» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті

2024 жылғы 27 мамырда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ-да испандық Aqualia компаниясы мен «Базис-А» ЖШС өкілдерімен кездесу өтті.

Испандық компанияның өкілдерінің атынан Aqualia компаниясының Таяу Шығыс және Солтүстік Африка, Азия елдері бойынша басқарушы директоры Оскар Гарсии суды тазарту саласындағы өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті және құрылыс, инфрақұрылымдық жобалар саласындағы «Базис-А» ЖШС-мен өзара тығыз қарым-қатынас туралы айтты.

Қазақстан Республикасындағы КТҚ жобалары бойынша ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына ерекше назар аударылды. Компаниялар бірлескен күш-жігермен жүзеге асырылуы мүмкін сумен жабдықтау және су бұру саласындағы әлеуетті жобаларды талқылады.

         Сонымен қатар, Aqualia өкілдері Грузияның Тбилиси қаласында су арнасын жекешелендіру саласындағы өз тәжірибелерін көрсетті. Aqualia компаниясы инновациялық су тазарту технологиялары саласындағы әлемдегі жетекші компаниялардың бірі болып табылады және әлемнің әртүрлі елдерінде таза суға қол жетімділікті қамтамасыз етуде және тазарту жобаларын сәтті жүзеге асыруда мол тәжірибелері бар.

         «Бұл кездесу қазақстандық және испандық компаниялар арасындағы әріптестік қатынастарды дамытудағы маңызды қадам болып табылады және біздің қалаларымыздың өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын жақсарту үшін заманауи технологиялар мен инновациялық шешімдер саласында бірлесіп жұмыс істеуге деген ұмтылысты растайды», - деді ТКШ ҚазОрталығының Басқарма төрағасы Адилхан Умербаев.

            Aqualia - бұл таза суға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін кешенді шешімдерді ұсынатын су тазарту және сумен жабдықтау технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшы. Құрылған сәттен бастап Aqualia компаниясы әлемнің әртүрлі елдерінде су ресурстарын тазарту және басқару жобаларын сәтті жүзеге асыруда. Оның технологиялық инновациялары мен экологиялық тұрақты тәсілдері Aqualia-ны сумен жабдықтау және суды тазарту шешімдерінің жетекші әлемдік жеткізушісі етеді.