ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ және «STEIN Infrastructure Management GmbH» (Германия) Қазақстанның инфрақұрылымдық даму саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның шақыруы бойынша сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы саласындағы техникалық күрделі жобаларды табысты іске асыруда клиенттерді қолдауға маманданған «STEIN Infrastructure Management GmbH» халықаралық тәуелсіз инжинирингтік және консалтингтік компаниясы Қазақстанға келді

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ-ның шақыруы бойынша сумен жабдықтау және су бұру инфрақұрылымы саласындағы техникалық күрделі жобаларды табысты іске асыруда клиенттерді қолдауға маманданған «STEIN Infrastructure Management GmbH» халықаралық тәуелсіз инжинирингтік және консалтингтік компаниясы Қазақстанға келді.

ТКШ ҚазОрталығы доктор Роберт Штеиннің инфрақұрылымдық активтерді басқару бойынша қызметтер көрсетуге қатысты «Степногорск Теплотранзит» ЖШС және «Астана Су Арнасы» МКК өкілдерімен кездесулерін ұйымдастырды. Бұдан басқа, «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ доктор Роберт Штеиннің SCADA жүйелерін әзірлеумен және су арналары, ЖЭО және энергиямен жабдықтаушы ұйымдар сияқты коммуналдық сектор кәсіпорындарында осы жүйелерді орнатумен айналысатын «KazDevSolution» ЖШС қазақстандық компаниясымен кездесуін ұйымдастырды.

Сондай-ақ, кездесу аясында тараптар «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ мен «STEIN Infrastructure Management GmbH» (SIM) арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады, келесі негізгі бағыттарды атап өтті:

1.     Активтерді басқару стратегияларын әзірлеу және сумен жабдықтау және су бұру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету: желілік талдау жүргізу және активтердің құнын ұстап тұру мен арттырудың, сондай-ақ бюджет қаражатын жоспарлаудың кешенді тұжырымдамаларын әзірлеу арқылы.

2.     Су ресурстарын басқаруды түрлі бағыттағы жоспарлау үдерістеріне интеграциялау: төлем үлгілерін, лицензиялық талаптарды әзірлеу, жауапкершілікті, сондай-ақ су ресурстарын тиімді басқаруға және олардың тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдық нысандарды бейімдеу мақсатында.

3.     Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру: оқыту бағдарламаларын, семинарлар мен мастер-класстарды ұйымдастыру арқылы.

Доктор Роберт Штеин «STEIN Infrastructure Management GmbH» компаниясы инфрақұрылымдық дамудың барлық аспектілерінде, соның ішінде активтерді басқару, инжиниринг және әлеуетті дамытуда кешенді қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.

Кездесулер қорытындысы бойынша жоғарыда көрсетілген бағыттарды іске асыру бойынша өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бұл ынтымақтастық Қазақстанның инфрақұрылымдық-тұрғын үй кешенін дамыту үшін жаңа перспективалар ашады, сондай-ақ халықаралық тәжірибені қолдана отырып, осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асыруға ықпал етеді.