ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ
Контакт-центр:
1465
E-mail:
info@zhkh.kz
Жаңалықтар
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Жапондық халықаралық жобаларға жәрдемдесу орталығының қолдауымен Japan Bank for International Cooperation және HITACHI (Жапония) компанияларымен кездесу өткізді
«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жапондық халықаралық жобаларға жәрдемдесу орталығының қолдауымен Japan Bank for International Cooperation (JBIC) делегациясымен және HITACHI корпорациясымен кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ JBIC қаражаты есебінен осы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері болды

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Басқарма төрағасы Жапондық халықаралық жобаларға жәрдемдесу орталығының қолдауымен Japan Bank for International Cooperation (JBIC) делегациясымен және HITACHI корпорациясымен кездесу өткізді. Талқылаудың негізгі тақырыбы кәріз-тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту жөніндегі жобаларды іске асыру, сондай-ақ JBIC қаражаты есебінен осы жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктері болды.

Кездесу барысында JBIC делегациясының өкілі Фукая Сатоко жалпы Japan Bank for International Cooperation және Энергетика және табиғи ресурстарды қаржыландыру жөніндегі топтың энергетикалық шешімдер қаржы департаменті туралы баяндайтын презентацияны көрсетті. Таныстырылым барысында Банк жұмысының негізгі бағыттары және қазақстандық серіктестермен арадағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтылды.

Сонымен қатар, делегация «ТКШ ҚазОрталығы» АҚ өкілдерімен бірге Астана қаласының кәріз-тазарту құрылыстарына барды. Сапар барысында делегаттар объектілердің ағымдағы жай-күйімен жеке танысып, сондай-ақ Қазақстан Республикасында Hitachi жапон технологияларын қолдану перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарға екі жақ бірдей разы екендіктерін айтып, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру ниеттерін растады. Жақын арада белгіленген мақсаттарды табысты іске асыру үшін нақты қадамдар мен іс-шараларды одан әрі пысықтау жоспарлануда.

«ТКШ ҚазОрталығы» АҚ Қазақстанның коммуналдық инфрақұрылымын дамытуға халықаралық серіктестердің қолдауы мен қатысуын жоғары бағалайды және бірлесіп күш салу ел азаматтарының өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартатынына сенімді